«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы энергетикалық режимдер қызметінің жылу және гидроэнергетикалық жабдықтар тобының жөндеу өтінімдерінің дерекқорын өңдеу мәселелері жөніндегі инженері
Лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан БЭЖ электр станцияларының негізгі жылу және гидроэнергетикалық жабдықтарының жай-күйі бойынша деректер базасын жүргізеді;
- қызмет басшылығына Қазақстан БЭЖ электр станцияларының негізгі жылу және гидроэнергетикалық жабдықтарының жай-күйі бойынша күнделікті мәліметтер береді;
- блокты электр станциялары жабдықтарының мониторингін жүзеге асырады;
- жылдық есеп үшін материалдар дайындайды;
- қателіктерге тестілеуді жүргізеді және электр станцияларының жылу және гидроэнергетикалық жабдықтары бойынша жөндеу өтінімдерінің дерекқорын түзетуді жүзеге асырады;
- қызмет регламентінде және жұмыс жоспарларында көзделген басқа да тапсырмалар мен біржолғы тапсырмаларды орындайды.
Талаптар:
Жоғары, бағыты бойынша: инженерлік-техникалық
Энергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
- Электр қауіпсіздігі бойынша II біліктілік тобы;
- MS office тәжірибелі қолданушысы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде Өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу, пайдаланушы деңгейінде компьютерді меңгеру, құжат айналымы жүйесі бойынша келіп түсетін ақпаратты құжаттың мәнін және оның негізгі мәнін түсіну деңгейінде мемлекеттік тілде қабылдау лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті ережелер;
- Қазақстан БЭЖ электр станцияларының негізгі техникалық сипаттамаларын білу;
- командада жұмыс істей білу.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 26 қаңтарға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- инженер по гидроэнергетике