Құқықтық сүйемелдеу қызметінің менеджері (аутстаффинг)

ЖШС «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
241

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Қолданыстағы заңнамаға, Серіктестіктің ішкі құжаттарына және мүдделеріне сәйкестігі тұрғысынан құжаттарға (өндірістік қызметке қатысты бұйрықтар мен өкімдердің жобаларына, шарттарға және жұмыс берушінің өзге де актілеріне) құқықтық сараптама жүргізеді, ішкі қызметтік хат алмасуға, құрылымдық бөлімшелердің сұрауларына жауаптар дайындауға қатысады.

  2. Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды (бұйрықтар, өкімдер), персоналды штаттық жоспарлау құжаттарын (ПСП), бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын келісуге қатысады.

  3. Серіктестікте құқықтық мәселелер бойынша құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамында қатысады.

  4. Серіктестіктің мүдделерін мемлекеттік және өзге де уәкілетті органдарда, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдында білдіру үшін сенімхаттар әзірлейді.

  5. Серіктестікті тіркеу және қайта тіркеу процестеріне құқықтық сүйемелдеу көрсетеді.

  6. Талап-арыз және сотқа дейінгі (претензиондық) жұмысты жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде құқықтық қорытындылар береді.

  7. Мемлекеттік уәкілетті органдар жүргізетін тексерулерді сүйемелдеуге қатысады, тексеру барысында іс жүргізу әрекеттерінің сақталуына және қорытындылардың негізділігіне бақылау жасайды.

  8. Қажет болған жағдайда тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың, өткізілетін кеңестердің және жұмыс топтарының жұмысына қатысады.

  9. Интеграцияланған басқару жүйесінің (ИБЖ) құжаттамасын (жалпы қолданымдағы қағидалар мен ережелер, процестер карталары, құжатталған рәсімдер мен жұмыс нұсқаулықтары) келісуге қатысады.

  10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Серіктестікке қажетті есептік құжаттарды, лицензиялар мен рұқсаттарды тиісті органдарда рәсімдеу кезінде құқықтық сүйемелдеу көрсетеді, сондай-ақ Серіктестіктің құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттарды дайындауды және оларды рәсімдеу барысында өкілдік етуді қамтамасыз етеді.

  11. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.

  12. Жүктелген міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.

  13. Еңбек шартында, департамент туралы ережеде және осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерді орындайды.

  14. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормалардың, қағидалардың, нұсқаулықтардың, сондай-ақ ішкі регламенттеуші құжаттардың талаптарын сақтайды.

  15. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды және орындайды.

  16. Қадағаланатын бағыттың қызметіне қатысты тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (заңгерлік) білім.

  • Магистр дәрежесінің (LLM) болуы артықшылық болып табылады.

  • Қоғамда және/немесе аффилирленген ұйымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы (мұнай-газ саласында болғаны жөн).

  • Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл.

  • Кәсіби саладағы еңбек өтілі – кемінде 2 жыл.

Еңбек шарттары:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;

  • Сыйақылар мен көтермелеу төлемдері;

  • Әлеуметтік пакет.

Қажетті қабілеттер

  • 1. Закон Республики Казахстан «О товариществах c ограниченной и дополнительной ответственностью»;
  • 2. Основы трудового законодательства Республики Казахстан;
  • 3. Законодательные и иные нормативные правовые акты, регулирующие нефтегазовую деятельность;
  • 4. Закон Республики Казахстан «О противодействии коррупции»;
  • 7. Решения государственных органов, касающиеся деятельности Товарищества;
  • 9. Навыки сбора, систематизации и анализа информации;
  • 11. Навыки составления юридических заключений, правовых оценок и экспертиз рисков, договоров, ВНД;
  • 13. Знание трудового права (сопровождение трудовых отношений);
  • 14. Навыки использования средств вычислительной техники, коммуникаций и связи;
  • 15. Навыки аналитической и организационной работы;
  • Знание казахского и русского языка/английского языка (желательно).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр