«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Орталық аумақтық электр тораптары Механикаландыру және көлік өндірістік тобының механигі

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
80

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы
Орталық аумақтық электр тораптары Механикаландыру және көлік өндірістік тобының механигі»

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

           

            1) АЭТ бастығының және Филиалдың МҚЦ бастығының барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды.

            2) ОАЭТ автокөліктерінің сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді;       

            3) жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін бақылайды, қолда бар көлік құралдарын, механизмдерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

            4) көліктік жол парақтарын жазып береді және қабылдайды, норма бойынша жанар-жағармай материалдарының шығынын есепке алуды, көліктің жұмысы және ЖЖМ беру жөніндегі есепті жүргізеді, аккумуляторлық батареяларды есепке алу карточкаларын және автокөлік автошиналарының жұмысын есепке алуды және жазуды жүргізеді, GPS бақылау жұмыстарын жүргізеді;

            5) аумақта өрттер мен тұтанулардың алдын алады;

            6) жол парақтары бойынша ЖЖМ есептен шығаруға деректердi енгiзедi, көлiк жұмысы және ЖЖМ беру бойынша материалдық есептi ресiмдейдi;

            7) ҚТ күнін өткізуге қатысады;

            8) арнайы техниканы жарты жылдық техникалық байқаудан өткізуді және ОАЭТ барлық автотехникасын жыл сайынғы тексеруді ұйымдастырады;

            9) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды жүргізеді, аварияға қарсы іс-шаралардың және жарақаттануды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;

            10) инспекциялардың техникалық ұйғарымдарының және қауіпсіздік техникасы күндерінде  белгіленген мен іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;

            11) ОАЭТ-ті абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді;

            12) жол-көлік оқиғаларының және жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуының себептерін талдайды;

            13) нұсқамалар (өндірістік және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидалары бойынша), техникалық оқу өткізеді;

            14) бейнематериалдарды бейнетіркегіштерден филиал серверіне орналастырады.

 

Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе орта кәсіптік білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Тиісті мамандығы бойынша техникалық (механикаландыру және көлік саласында)

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Механикаландыру және көлік саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

3 жылдан кем емес (жоғары білім), 5 жылдан кем емес (орта кәсіптік білім)

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды білу;

• Автокөлік құралдарын пайдалану деректерін және техникалық пайдалану қағидаларын білу;

• Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясын және оны ұйымдастыруды білу;

• Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

• Электр қауіпсіздігі бойынша III топта болуы.

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

* MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

* Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек ст.

Бос лауазым тұрақты болып табылады.

Түйіндемені қабылдау 28.01.2026ж.  дейін (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Бастапқы)