«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
37

Қаралған саны:
346

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1) еңбек заңнамасының талаптарына және бөлімнің ішкі ережелерге, саясатқа, стандарттарға сәйкес кадрлық іс жүргізуді енгізу;

2) Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, аудару және Еңбек шартын бұзуды рәсімдеу;

3) Қызметкерді жұмысқа қабылдауда іскерлік этика кодексімен, комплаенс саясатымен таныстыру.

4) Қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде міндетті түрде еңбек шартын бұзу туралы өтініш, сауалнама, істерді қабылдау, тапсыру актісі және кету қағазын талап етеді.

5) Филиал қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын толтыру, өзгерістер енгізу және сақтау;

6) Филиал қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру;

7) бірыңғай кадрлық құжаттама жүйесіне сәйкес Филиал персоналының есебінен ұйымдастыру және жүргізу;

8) қызметкерлердің демалыстарын беру есебін жүргізеді, демалыс кестелерінің жасалуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

9) ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындайды.

10) Филиалдық құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік орталықтарының жұмыс уақытын есепке алу табельдерінің дұрыс толтырылуын, еңбекке уақытша жарамдылық парақтарының ресімделуін бақылауды жүзеге асырады.

11) Филиал қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табельдерімен СКУД деректерін салыстырып тексеруді жүргізеді.

12)  SAP жүйесінде іс-шараларды жүргізуді жүзеге асыру;

13) қызметкерлердің лауазымдық жалақыларын өзгерту, қызметкерлердің қосымша ақысы бойынша ERP жүйесінде іс-шаралар жүргізеді.

14) Филиал бухгалтериясынан берілген бұйрықтарға сәйкес Филиал қызметкерлерінің материалдық жауапкершілігі бойынша шарттар дайындайды.

15) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, аудиторлық компаниялардың, басшылықтың және құрылымдық бөлімшелердің сұраулары бойынша ақпаратты және оларға жауап жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

16) Филиалдың Өңірлік орталықтарының Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Филиал басшылығының тапсырмаларын орындауын ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

17) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне әдістемеләк көмек көрсетеді;

18) іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, іс қағаздарын жүргізеді, бөлімнің құжаттамасын сақтайды және мұрағатқа тапсырады.

19) Филиалда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына бақылау жасайды.

20) Филиал басшылығының, Бөлім бастығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талапртар:
  • HR саласында кәсіби білім (барлық функционалдық бағыттар бойынша), қоса алғанда: HR стратегия, ұйымдық құрылым, өзгерістерді басқару, қызметкерді бағалау және дамыту, өтемақылар мен жеңілдіктер, рекрутинг, үйрету және дамыту;
  • Қазақстан Республикасының салалық және еңбек заңнамасын білу;
  • адам ресурстарын басқарудағы ең үздік тәжірибелерді білу;
  • адам ресурстарын басқарудағы әдістер мен құралдарды білу;
  • корпоратившілік басқару негіздерін білу;
  • жанжалды жағдайларды шешу дағдылары, ішкі корпоратившілік арақатынасты реттеу;
  • пайда болған үрдістерді, жағдайларды, HR алдында тұрған ағымдағы мәселелерді түсіну;
  • келіссөздер жүргізе білу дағдылары;
  • дамыған коммуникацялық дағдылар.
Шарттар:
  • ДК пайдаланушысының тәжірибелі деңгейінің болуы, Word, Excel, ERP HR-модуль (SAP), Microsoft office Оutlook бағдарламалары;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білгені жөн.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)