1 санатты техник-технолог Тобыл станциясы сыныптан тыс, Қостанай магистральдық желі бөлімшесі " ҚТЖ "ҰК "АҚ филиалы -" Магистральдық желі дирекциясы "

от 243336
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
52

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

- Станция жұмысының пайдалану көрсеткіштеріне талдау жүргізеді.  -Ай сайын әр айдың 1-ші күні станция жұмысының пайдалану көрсеткіштерінің орындалуына орындалмау себептерін көрсете отырып талдау дайындайды. - Сапалық және сандық көрсеткіштердің орындалмау себептерін көрсете отырып, станция жұмысының қорытындысы бойынша жазбаша есеп жасайды. - Орындалған қозғалыс кестесіне талдау жүргізеді.  - Жөнелту бойынша поездардың кідірістерін есепке алуды және талдауды жүргізеді. - Жұмыс орындарын жұмыс үстелімен, пойыз журналдарымен, бланкілермен уақтылы қамтамасыз етеді. - Станциядан жөнелту бойынша жолаушылар поездарының кешігуі бойынша жедел талдауларды хаттамалайды.  - Әр айдың 15-не дейін комиссиялық айлық тексеру бойынша есепті жазбаша түрде ұсынады. Комиссиялық айлық тексеру актілерін ресімдейді. - "Қауіпсіздік күні" бойынша талдауларды хаттамалайды. Қауіпсіздік бөліміне "қауіпсіздік күні" бойынша анықталған бұзушылықтар саны туралы деректерді ұсынады. Тексеру актілері, жедел бұйрықтар бойынша талдауларды хаттамалайды. - "Қауіпсіздік күні" барысында жүргізілген есепке алу журналында жазбалардың болуын бақылауды жүргізеді. - "Станция бастығы күнін"хаттамалайды. - Азаматтық қорғау, терроризмге қарсы қызмет жөніндегі хаттамаларды, бұйрықтарды, есептерді ресімдейді. - ЭДО бойынша кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді және жібереді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық немесе кәсіптік Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша) Жұмыс тәжірибесі: маневрлік (станциялық) диспетчер/станция бойынша кезекші/орталықтандыру станциясының кезекшісі/ парк бойынша кезекші/сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл

Қосымша талаптар:

  • іскерлік этика Кодексінде қаралған міндеттерді сақтау;
  • еңбек және атқару тәртібін сақтау;
  • осы лауазымдық нұсқаулықта қаралған еңбек міндеттерін сапалы және өз уақытында орындау;
  • құрылымдық бөлімшелердің жұмыс жоспарын орындау;
  • басшылықтың тапсырмасын орындау;
  • шешім қабылдау мен қызметтік құжаттарды қарағанда бюрократияның болуын жібермеу, сондай-ақ Қоғамның жергілікті актісімен белгіленген мерзімінде оларға қажетті шараларды қабылдау;
  • жалпылама қабылданған моральды-этикалық нормамен белгіленген іскерлік этика мен корпоративтік мәдени нормасын сақтау;
  • еңбек шартының, корпоративтік басқарма кодексінің және Қоғамның басқа жергілікті актілерінің талаптарын сақтау;
  •  

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж