«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалының бухгалтері

от 299100 KZT
«KEGOC» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) бастапқы құжаттарды қабылдауды, бақылауды және ресімдеуді дұрыс және уақтылы жүзеге асыру және оларды бухгалтерлік есепте көрсету; SAP ERP жүйесінде негізгі құралдарды қайта бағалауды уақтылы және дұрыс салыстыру, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысы бойынша есептер жасау; тіркелген активтер бойынша салық есебін жасау үшін негізгі құралдар бойынша құжаттарды өңдеуді жүргізу;
2)  1-инвест «Инвестициялық қызмет туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілікті, 11(жылдық)- «Негізгі қорлардың жай-күйі туралы есеп» нысаны бойынша статистикалық есептілікті жасау және уақтылы тапсыру;
3) бухгалтерлік есеп шоттарында бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдардың, шоттар бойынша материалдық емес активтердің және аяқталмаған құрылыстың қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
4) бухгалтерлік шоттар бойынша негізгі құралдардың және бухгалтерлік шоттар бойынша материалдық емес активтердің тозуын есептеу.
5) белгіленген мерзімде түгендеу жүргізу үшін өндірістік қызметтер мен басқару бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің түгендеу тізімдемелерін жүйеден түсіру;
6) жеткізушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысуды есепке алу бойынша бастапқы құжаттаманың дұрыс жасалуын қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады. Нұсқауларға сәйкес SAP ERP жүйесінде құжаттарды жүргізу, SAP ERP жүйесінде бастапқы құжаттардың тіркелуін тексеру;
7) НҚ және МЕА, АҚ, жеткізушілермен есеп айырысу учаскелерін ай сайын жабуды     жүзеге асырады;
8) сенімді құжаттар негізінде бухгалтерлік есепті жасау және оны белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну;
9) айлық және тоқсандық есептерді жасау және қалыптастыру, оларды ОСВ-дан тексеру. Жеткізушілермен және мердігерлермен салыстыру актілерін қалыптастыру, оларды бастамашыларға ұсыну.  

Талаптары:

  • Қаржы (Есеп және аудит), Экономика (Бизнес және басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі.
  • Қаржы-бухгалтерлік қызмет саласындағы еңбек өтілі.     
  • Еңбек өтіліне талаптар қойылмайды. 
  • Сертификаттары: «Кәсіби бухгалтер» сертификатының болуы жөн;
  • MS Office тәжірибелі пайдаланушысы.
  • Қазақ, орыс тілдерін білу.

Шарттары:
Жұмыс орны: Атырау қаласы, М. Өтемісұлы көшесі, 110А
Түйіндемені тапсыру мерзімі 2026 жылғы 27-29 қаңтар аралығында


    

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)