Санаты жоқ заңгер - жетекші заңгер Заң басқармасы №05-01-04/30 от 16.01.2026-1 ед. г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
1. Қазақстан Республикасының (ҚР) сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарында «ҮМЗ» АҚ құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін ұсынуға қатысады. 2. Басшылыққа қол қоюға ұсынылған шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын, бұйрықтардың, өкімдердің, нұсқаулықтардың, еңбек шарттарының және «ҮМЗ» АҚ-да шығарылатын құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осы құжаттарға бұрыштама қояды. 3. Талап-арыз жұмыстарын, сот актілерін орындау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысады. 4. Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады 5. «ҮМЗ»АҚ бөлімшелерінде еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады. 6. Тергеу, сот органдарына беру, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ келтірген зиянды өтеу шараларын қабылдау үшін ұрлау, ысырап ету, жетіспеушілік туралы және өзге құқық бұзушылықтар туралы тиісті қызметтер дайындаған материалдарды заңды түрде ресімдеуді жүзеге асырады. 7. «ҮМЗ» АҚ қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңестер мен қорытындылар береді. 8. Жедел кеңестерге қатысады. 9. Шаруашылық шарттарды (келісімшарттарды, келісімдерді) дайындауға қатысады және оларды қолайсыз құқықтық салдарлардың туындауын болдырмау мақсатында келіседі; құжаттардың ҚР заңнамасына, «ҮМЗ» АҚ Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкестігін тексереді. 10. Жергілікті актілердің, бұйрықтардың, өкімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындауға қатысады. 11. «ҮМЗ» АҚ балансында есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарауға және басқа бөлімшелермен бірлесіп осы берешекті жою шараларын қабылдауға қатысады. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің сұраныстары бойынша «ҮМЗ» АҚ дебиторлық және кредиторлық берешектерін есептен шығару мүмкіндігі туралы заңды қорытындыларды дайындауға қатысады. 12. «ҮМЗ» АҚ қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. 13. «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің өтініштері мен шағымдарын қарауға қатысады. 14. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша тендерлер өткізуге қатысады. 15. «ҮМЗ» АҚ-да шарттық жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, сондай-ақ шаруашылық шарттардың үлгі нысандарын әзірлеуге қатысады. 16. Қазақстан Республикасы заңнамасының мониторингін жүзеге асырады. 17. «ҮМЗ» АҚ-да құрылған түрлі комиссиялардың жұмысына қатысады (келісім комиссиясы, тендерлік комиссия және т.б.). 18. «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінде «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерінің еңбек заңнамасын зерделеу мәселелері бойынша дәрістер өткізеді. 19. "ҮМЗ" АҚ құқықтық жұмысы туралы есептерді және Заң басқармасының талап-арыз жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді дайындайды. 20. «ҮМЗ» АҚ органдарының қарауына жіберілетін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізеді және оларды келіседі. 21. «ҮМЗ» АҚ еншілес ұйымдары органдарының қарауына, оның ішінде байқау кеңестеріне келіп түсетін құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді. 22. «ҮМЗ» АҚ жарғылық капиталына қатысу үлесі бар заңды тұлғалар органдарының қарауына келіп түсетін құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі мәніне тексереді. 23. «ҮМЗ» АҚ стратегиялық (ерекше маңызды) жобаларын іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 24. «ҮМЗ» АҚ заңды тұлғаларды құруда, қайта ұйымдастыруда, таратуда, банкроттықта қызметін құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады. 25. «ҮМЗ» АҚ стратегиялық (ерекше маңызды) жобалары, «ҮМЗ» АҚ ішкі құжаттары (Стратегиялар, Бағдарламалар, Саясаттар) шеңберінде шарттар, келісімдер, келісімшарттар жобаларына заң сараптамасын жүргізеді. 26. Заң жобалау жұмысына қатысады. 27. Талап-арыз жұмысы жөніндегі Нұсқаулыққа өзгерістер және/немесе толықтырулар әзірлеуге, енгізуге қатысады (қажет болған жағдайда). 28. Қаржылық есептілік депозитарийінің Интернет-ресурсында корпоративтік даулар бойынша ақпаратты дайындауға және орналастыруға қатысады (ақпаратты ашу жөніндегі регламентке сәйкес). 29. Заң басқармасының мұрағатымен жұмысты жүзеге асырады. 30. АҚ сенімхаттарын басқаруды ұйымдастыруды және оған қатысуды жүзеге асырады. 31. «ҮМЗ» АҚ талаптардың табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан, оның ішінде ШҚО бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген қызмет түрі - жылу және электр энергиясын беру бойынша құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. 32. Лауазымды тұлғаларды ауыстыру тәртібі туралы бұйрықты басқаруға қатысады. 33. Шарттар жасасу және құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктерді беру туралы бұйрықтарды басқаруға қатысады. 34. Бөлімшеде менеджмент жүйесі бойынша уәкілдің функцияларын орындайды (тағайындалған жағдайда). 35. «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген талаптарға сәйкес құжаттаманы басқаруды жүзеге асырады. 36. Заң басқармасы бастығының ауызша және жазбаша өкімдерін, нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. 37. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. 38. «ҮМЗ» АҚ басшылары мен мамандарының өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттері туралы Қағидаға» сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын сақтайды. 39. Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. 40. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. 41. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. 42. «ҮМЗ» АҚ контрагенттерін комплаенс бойынша тексеру Ережелеріне сәйкес «ҮМЗ»АҚ контрагенттерін комплаенс бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді.Білім:
жоғары (заңгер)Дағдылар:
Талаптар қойылмайдыҚосымша:
Жұмыс режимі және демалыс 5 күндік жұмыс аптасында сағат 8.00-ден бастап 17.00 - ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: Санаты жоқ заңгер: 334 598 теңгеден бастап 512 153 теңгеге дейін 2-санатты заңгер: 351 328 теңгеден бастап 537 761 теңгеге дейін 1-санатты заңгер: 368 895 теңгеден бастап 564 649 теңгеге дейін Жетекші заңгер: 461 746 теңгеден бастап 957 476 теңгеге дейін Тағылымдама - белгіленбейді Бос жұмыс орны мүгедектігі бар үміткерлер үшін қолжетімді - жоқБілетін тілдер:
-Қажетті қабілеттер
- Требования не предъявляются