Жобалау офисінің бас менеджері (ЖЭК )

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
84

Қаралған саны:
814

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттері:

  1. Қоғамның және еншілес әрі тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) капиталдық жобаларын құрылымдауды, капиталдық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ жобаларды іске асырудың алдын ала инвестициялық және инвестициялық кезеңдерін бекітуге байланысты корпоративтік рәсімдерді (Инвестициялық-инновациялық кеңес (ИИК), Басқарма, Инвестициялық стратегиялық комитет (ИСК), Директорлар кеңесі) қоса алғанда, капиталдық жобаларды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

  2. Қоғамның және/немесе еншілес әрі тәуелді ұйымдардың бастамасымен іске асырылатын капиталдық жобалар (жаңа құрылыс, кеңейту, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру/модернизациялау жобалары) бойынша материалдар пакетін Қоғам мен Қордың уәкілетті органдарының (ИИК, Қоғамның Басқармасы, Қордың ИСК / Қоғамның Директорлар кеңесі) қарауына шығару үшін қарауды және келісуді ұйымдастырады;

  3. Мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

  4. Капиталдық жобалар бойынша шығыстардың тізбесі мен жоспарын қалыптастырады;

  5. Қоғамның капиталдық жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестициялар тарту мәселелері бойынша инвесторлармен, қаржы институттарымен және консультанттармен келіссөздер мен кездесулерді ұйымдастырады және оларға қатысады;

  6. Халықаралық қаржы институттарының қаражаты тартылатын жобалар бойынша заңнама талаптарының, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ келісімдер шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді;

  7. Жобалардың Қоғамның инвестициялық саясаты мен даму Стратегиясының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді;

  8. Капиталдық жобаларды бағалау және іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау барысында сыртқы консультанттармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

  9. Капиталдық жобаларды айқындау және оларды капиталдық жобалар подпортфелін қалыптастыру үшін ранжирлеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, сондай-ақ жобалар бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

  10. Қоғамның капиталдық жобаларын Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына (МИИДБ), республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу мәселелері бойынша акционермен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

  11. Капиталдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау барысында акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сондай-ақ сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасайды;

  12. Инвестициялық саясат пен инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

  13. Қоғамның даму стратегиясын, Инновациялық-технологиялық стратегиясын, Қоғам мен еншілес әрі тәуелді ұйымдардың инвестициялық бағдарламасын, даму жоспарларын және Қоғамның өзге де даму құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

  14. Капиталдық жобалар бойынша қаржылық модельдерді қарауды, келісуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;

  15. Капиталдық жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

  16. Қоғамның жобалар мен іс-шаралар портфелін басқару жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде портфельді қалыптастыру, теңгерімдеу, уәкілетті органдардың қарауына уақтылы шығару, іске асырылуын мониторингтеу және портфельдегі өзгерістерді басқару рәсімдерін жүзеге асырады;

  17. Подпортфельдерге жауапты құрылымдық бөлімшелерден (ҚБ) ұсынылған материалдарды Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асырады;

  18. Даму шығындарына арналған ақшалай қаражаттың жалпы көлемін қалыптастыру және болжамды қаражатты подпортфельдер арасында бөлу жөніндегі жұмыстарға қатысады;

  19. Өзге капиталдық салымдар жобалары мен іс-шараларының подпортфелі, оңтайландыру жобаларының подпортфелі және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жобаларының подпортфелі бойынша мониторингтік есептерді қарау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

  20. Жобалар мен іс-шаралар портфелі бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингтеу және талдау жұмыстарын жүзеге асырады;

  21. Жобалар мен іс-шаралар портфелінің жай-күйі туралы айлық, тоқсандық және жартыжылдық мониторингтік есептерді қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады;

  22. Капиталдық жобалар мен портфельді басқару жөніндегі әдіснамалық базаны өзектендіруді жүзеге асырады;

  23. Қоғам мен еншілес әрі тәуелді ұйымдардың инвестициялық қызметі бойынша презентациялар, есептерді (оның ішінде Қордың Инвестициялық комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша) және анықтамаларды дайындайды;
  24. Инвестициялық жобалар портфелінің бизнес-бастамаларын басымдықтау және ранжирлеу мақсатында деректерді жинау және талдау жұмыстарын жүзеге асырады;
  25. Инвестициялық жобалар портфелін теңгерімді қалыптастыру үшін бизнес-бастамаларды ранжирлеу және басымдықтау бойынша бекітілген критерийлерге сәйкес тиімділік көрсеткіштерін есептейді;

  26. Инвестициялық жобалардың тиімділік көрсеткіштері бойынша жиынтық талдамалық кестені қалыптастырады;

  27. Жобалар мен іс-шараларды іске асыру барысында қажетті барлық есептеулерді жүргізеді, оның ішінде инвестициялық жобалардың өзін-өзі ақтауы үшін қажетті тарифтерді есептеу, қаржыландыру құрылымын анықтау, тәуекелдерді есептеу және жобалардың сезімталдық талдауын жүргізу және өзге де есептеулер;

  28. Пайдалану кезеңіне өткен инвестициялық жобалар бойынша мониторинг жүргізеді;

  29. Корпоративтік орталықтың негізгі қызмет көрсеткіштері (КО НҚК) және еншілес әрі тәуелді ұйымдар бойынша жоспарлы есептеулер туралы ақпаратты, сондай-ақ Қоғам мен еншілес әрі тәуелді ұйымдар басшылығының негізгі көрсеткіштерінің орындалуы жөніндегі есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсынады.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • Экономика, қаржы немесе энергетика саласы бойынша жоғары кәсіби білім.
  • Жобаларды басқару саласында халықаралық кәсіби сертификаттардың болғаны жөн.PMBOK, PMP, IPMA сертификаттары құпталады.
  • Қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
    Инвестициялық жобаларды жинау және талдау тәжірибесі болуы қажет.Инвестициялық жобаларды мүдделі тараптармен келісу тәжірибесі болуы тиіс.
  • Жобаларды басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесі қажет.
  • Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын білуі тиіс.
  • Халықаралық қаржы ұйымдарының заңнамасын, нормалары мен ережелерін білуі қажет.
  • Ағылшын тілін білуі құпталады.
  • Мүдделі тараптармен тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары болуы тиіс.
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары қажет.
  • Коммуникациялық және презентациялық дағдылар болуы тиіс.


Қажетті қабілеттер

  • навыки деловой переписки;
  • 10) Знание английского языка (желательно);
  • 12) Коммуникативные и презентационные навыки.
  • Навыки ведения эффективных переговоров с заинтересованными сторонами;
  • 2) Опыт автоматизации процессов управления проектами
  • 3) Знание методов и инструментов оценки инвестиционных проектов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман