Қазтемiртранс АҚ Семей филиалы вагон паркi бөлiмiнiң жетекшi инженер-технологы

от 409129
АО "Қазтеміртранс" Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
305

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жүріс бойынша күнтізбелік мерзім бойынша жөндеуаралық норматив аяқталғанға дейін тексереді (сары шек) кейіннен жүк вагонын жөндеуге арналған ВУ-22 нысанының ақаулық ведомосын жасай отырып, талап етілетін жөндеудің түрі мен көлемін анықтайды;
  • Қоғам вагондарын жөндеуден қабылдау кезінде қосалқы бөлшектердің, тораптар мен бөлшектердің нақты ауыстырылуын салыстырып тексеруді, сондай-ақ арбалар мен доңғалақ жұбының нақты айдалған құйылған бөлшектерін, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен бөлшектерді салыстырып тексеруді жүзеге асырады;
  • Екі рет нөмірленген бөлшектер пайда болған кезде пайдаланудан кешіктіреді, есеп жүргізеді, Мердігер ұйымның өңірлік учаскесінің өкілдерімен бірлесіп тергеу жүргізеді;
  • ЖӨӨ, Мердігер ұйымның өңірлік учаскесінің өкілдерімен бірлесіп - жаңа тораптар мен бөлшектерді орнатуға актілер жасайды, бұл ретте сапа мен шығу тегін растайтын ұсынылған паспорттарға/сертификаттарға/декларацияларға сәйкес олардың орнатылуы мен заңдылығы фактісін сұрата және куәландыра отырып;
  • Қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттардың тармақтарына сәйкес жарамсыз деп тану себептерін көрсете отырып, тозғандардың орнына жарамсыз қосалқы бөлшектерді, вагон тораптарын жарамсыз деп тану актісін жасайды.



Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар), Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман