Қазынашылық басқармасының менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
101

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін Жетекші менеджерге келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Кредит алу және/немесе қаржы құралдарына инвестициялау, оларды құжаттамалық ресімдеу процесін сүйемелдеу бөлігінде Серіктестіктің банктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; • Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы шеңберінде міндеттемелерді орындау және бақылауды жүзеге асыру. • Серіктестіктің есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражатының ағынын бақылауды және есепке алуды жүзеге асыру; • Қаржылық есептілікті дайындау басқармасынан алынған жабу кестесіне сәйкес есепті кезеңді жабуға дайындық; • Қаржылық есептілікті дайындау қызметі үшін есепті кезеңнің жабылуы жөніндегі ақпаратты бақылау және ұсыну мақсатында "есеп айырысу шоттары" есепке алу жүйесіндегі деректерді банктік үзінді көшірмелермен (әрбір шот бойынша бөлінісінде) ай сайын салыстырып тексеруді жүргізу; • Серіктестіктің заемдары / кредиттері бойынша сыйақының ай сайынғы есебін жүзеге асыру, есепті кезеңнің жабылу кестесіне сәйкес есепті жүйеде сыйақыны есептеу жөніндегі қол журналын жасау; • Серіктестікпен жасалатын келісу кезеңінде ТЖҚ-ны сатып алуға шарт жобаларын төлем шарттары мәніне, оның ішінде авансты қайтаруды қамтамасыз етудің және шарттардың орындалуын қамтамасыз етудің болуы/болмауы, Серіктестіктің банктік деректемелерін дұрыс көрсетуі тұрғысынан тексеру; • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін тоқсандық және ай сайынғы есептерді дайындауды жүзеге асыру; • Ай сайынғы негізде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ үшін депозиттер мен кредиттер бойынша есептерді дайындауды жүзеге асыру; • "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ атына ұсынылатын қаржылық есептілік пакеті үшін нысандарды тоқсан сайын дайындау; • Қазынашылық мәселелері бөлігінде тәуекелдер бойынша есеп беру үшін ақпаратты тоқсан сайын дайындау; • Қазынашылық басқармасы қызметі шеңберінде тоқсан сайынғы ақпараттарды Баланстық комиссияға арналған презентацияларды дайындау және ұсыну; • Қазынашылық басқармасы қызметі шеңберінде аудиторлық Серіктестіктің сұрауы бойынша ақпараттарды дайындау және ұсыну. • Қазынашылық басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ мен Камеко үшін басқа да есептерді дайындау; • Қазынашылық басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелер бөлігінде Серіктестік бөлімшелерінің жазбаша сұрау салулары бойынша ақпарат беру; • Қазынашылық басқармның құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу; • Өз жұмыс аумағында орындалатын функцияларға сәйкес SOX бақылауларын сақтау; • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі Нұсқаулықтың ережелері мен талаптарын сақтау PP-СОМ-03;

Білім:

Экономика / қаржы саласындағы жоғары білім;

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ҚР "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңы; • ҚР "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңы; • ҚР "Банктер және банк қызметі туралы" Заңы; • ҚР-да валюталық реттеу және валюталық операциялардың орындалуы; • Есептерді ұсыну шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара қарым-қатынас жасау; • Екінші деңгейдегі банктермен кредиттерге қызмет көрсету, уақытша бос ақша қаражатын орналастыру, банк-клиент (Интернет-банкинг) бағдарламалары, Серіктестіктің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу және компания үшін қажетті басқа да банктік қызметтер бойынша өзара қарым-қатынас жасау; • Серіктестіктегі ақша ағындарын болжау және өтімділікті жоспарлау;

Қосымша:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ҚР "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңы; • ҚР "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңы; • ҚР "Банктер және банк қызметі туралы" заңы; • ҚР валюталық реттеу және валюталық операциялардың орындалуы; • Банктермен және басқа қаржы институттарымен өзара әрекеттесу дағдылары; • Серіктестігі ақша ағындарын болжау және өтімділікті жоспарлау; • Төлемдерді, аударымдарды және конверсиялық операцияларды жүзеге асыру; • Қаржылық талдау және компаниядағы айналым капиталын басқару;

Білетін тілдер:

• Орыс тілін еркін меңгеру; ортадан төмен емес деңгейде ағылшын тілін білу;