Сыйақы және ұйымдық тиімділік қызметінің бас менеджері

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
128

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Қоғамда еңбекақы қоры (ЕҚҚ) және еңбекақы төлеу бөлігінде саясат пен стратегияны қалыптастырады және іске асырады;
персонал санының жоспарлануын және ЕҚҚ бюджетін қалыптастыруды ұйымдастырады, бюджеттің орындалуын бақылайды;
ауытқуларды талдайды, персонал шығындарының тиімділігін арттыру және түзету бойынша ұсыныстар дайындайды;
ЕҚҚ бойынша әдіснаманы, автоматтандыруды және есептілікті қамтамасыз етеді;
еңбек және еңбекақы мәселелері бойынша филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге кеңес береді және олардың жұмысын үйлестіреді;
нормативтік талаптардың сақталуын және HR-процестердің дамуын қамтамасыз етеді;
«ЕҚҚ бюджеттеу» бағыты бойынша жұмысты басқарады және басшылықтың тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және қызмет бағыты бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;

Қоғамның саясатын, мақсаттарын, негізгі қызмет бағыттарын, құрылымын және басқару жүйесін білу;

Қоғамның нормативтік құжаттарын, оның ішінде ИСМ, Ұжымдық шартты, еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру жөніндегі құжаттарды білу;

еңбек экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін, персоналды басқаруды, мотивацияны және іскерлік қарым-қатынас қағидаларын білу;

еңбекті қорғау қағидаларын білу;

іс жүргізу және электрондық құжат айналымы негіздерін білу;

офистік қолданбалы бағдарламалармен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу дағдылары;

лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді меңгеру.

Еңбек шарттары:

Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
Жалақының уақтылы төленуі;
Жақсы әлеуметтік пакет;
Жыл сайынғы 30 күнтізбелік күн еңбек демалысы;
Еңбек демалысына материалдық көмек.