Екібастұз қ. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Релелік қорғаныш және электравтоматика қызметінің 2-санатты инженері (РҚА және АҚАШӨҚ ӨЗ зертханасы)
354900 - 354900 KZT
«KEGOC» АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған кернеуі 0,4 кВ, 10 кВ, 110 кВ, 500 кВ-тық барлық релелік қорғаныс және аварияға қарсы автоматика құрылғыларына (бұдан әрі – РҚжАҚ) техникалық қызмет көрсету және жөндеуді (бұдан әрі – ТҚКЖ) жүзеге асырады, ESB-2000i, Power Link, FOX-515, оптикалық талшықты және жоғары жиілікті аварияға қарсы автоматика арналарын (бұдан әрі – АҚА) қоспағанда;
2) пайдалану процесінде оларды жетілдіру үшін 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжА құрылғыларын қайта жаңартуға қатысады;
3) ТҚКЖ-ді жүзеге асырады, пайдалану процесінде оларды жетілдіру үшін «ЕЭК» АҚ және «МАЭС-1» АҚ бөгде ұйымдарында орнатылған «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалына тиесілі аварияға қарсы автоматика құрылғыларын қайта жаңартуға қатысады;
4) WAMS/WACS синхрофазорлық технологиялары (негізгі пайдаланушы) негізінде тестілеу сценарийлерін әзірлеуге және мониторинг және басқару жүйесін тестілеуге қатысады;
5) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжА құрылғыларының жұмысын талдайды;
6) 1150 кВ «Екібастұз» қосалқы станциясында орнатылған РҚжА құрылғылары бойынша нұсқаулықтарды, есептерді және бағдарламаларды жасау жөніндегі жұмысқа қатысады, өз ұсынымдары мен ұсыныстарын енгізеді;
7) қажет болған жағдайда РҚжА құрылғыларының жобаланбаған схемаларын әзірлейді, оларды РҚА және АА ЖӨҚ ӨЗ бастығымен келіседі;
8) жабдықтың, қауіпсіздік техникасының, еңбек қауіпсіздігі сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды орындайды;
9) техникалық құжаттаманы дұрыс ресімдеуді жүзеге асырады;
10) нормативтік-техникалық құжаттардың (бұдан әрі – НТҚ), ТПЕ, ҚТЕ, Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі - ЭҚО), нұсқаулықтардың, циркулярлардың, нұсқаулар мен ережелердің, БМЖ мақсаттарының талаптарын орындайды;
11) Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «КЕGОС» АҚ-ның, филиалдың, еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдарының ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарына, лауазымдық нұсқаулыққа, Еңбек тәртібі қағидаларына, еңбек шартына сәйкес қойылатын талаптарды орындайды;
12) авариялық жағдайлардың алдын алу, осындай жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
13) егер жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, жабдықтың жұмысын тоқтата тұрады;
14) жұмыстарды НТҚ талаптарына сәйкес орындайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек және демалыс тәртібін сақтайды;
16) жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануды жүзеге асырады;
17) персоналмен болған өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына уақтылы хабарлайды;
18) жаңа және қайта қаралған НТҚ, қауіпсіздік және ЕҚ жөніндегі нұсқаулықтарды уақтылы оқып зерделейді;
19) Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі актілерде, жоспарларда, бұйрықтарда, өкімдерде көзделген немесе ЕҚ тексеру актілерінде жазылған нұсқауларды, ұсыныстарды және іс-шараларды белгіленген мерзімде орындайды.
- Жұмыс жүргізушінің міндеттері (құқықтары болған жағдайда):
1) Қауіпсіздік және ЕҚ жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтайды және жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіз тәсілдерді қолданады;
2) РҚжА құрылғыларына оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
3) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүргізу бағдарламаларымен (пайдалану схемаларымен) уақтылы танысады. қызметкерлерінің жұмыстарды жүргізу кезінде ТҚЕ, ТПЕ, ӨҚЕ және ЕҚ ережелерін сақтауын бақылайды, бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды, ал егер айқын қауіп бар болса, жұмыстарды орындауды тоқтата тұрады;
4) оларды ресімдеуді талап ететін жұмыстарды жүргізуге нарядтар мен өкімдер алады, әрі мұндай жұмыстарды қажетті рұқсаттарды алмай орындауға жол бермейді. Жұмыстардың қауіпсіз өндірісін ұйымдастырады;
5) жұмыс басталар алдында құрал-сайманның, РҚжА құрылғыларының, сақтандырғыш құралдардың, қорғау құралдарының және РҚжА құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге арналған басқа да құрылғылардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді;
6) ҚТЕ көзделген жағдайларда оның жекелеген кезеңдерінің жұмысын немесе орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;
7) жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіпті, сондай-ақ жұмыс орындарының жеткілікті жарықтандырылуын қамтамасыз етеді;
8) жұмыс учаскесінің аумағында, өндірістік бөлмелерде және жұмыс орындарында бөгде адамдардың болуы мүмкіндігін болдырмау шараларын қабылдайды;
9) актілерде, бұйрықтарда және өкімдерде көзделген немесе ЕҚ жай-күйін тексеру актілерінде жазылған ЕҚ бойынша ұйғарымдар мен іс-шараларды белгіленген мерзімде орындайды;
10) кеңестерде ЕҚ және жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша орын алған бұзушылықтар туралы баяндайды;
11) жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық және шұғыл-реанимациялық көмекті, медициналық бөлімге (медициналық пунктке) жеткізуді шұғыл ұйымдастырады, РҚА және АА ЖӨҚ ӨЗ және РҚЭҚ бастықтарына дереу хабарлайды. Жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия келгенге дейін жұмыс орнындағы жағдайды және жабдықтың жай-күйін оқиға болған кездегі күйінде сақтайды (егер бұл жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, аварияға әкеп соқтырмаса және технология бойынша үздіксіз өндірістік процесті бұзбаса). Туындаған басқа да оқиғаларды (өрттерді, жабдықтардағы ақауларды) жою жөнінде шаралар қабылдайды, бұл ретте қабылданған шаралардың уақтылығы мен дұрыстығын ескереді, оларға түзетулер енгізеді. Бұл туралы РҚА және АА ЖӨҚ ӨЗ бастығына немесе РҚЭҚ бастығына хабарлайды;
12) жарақат алған жағдайда жедел жәрдемді шақыруды ұйымдастырады.
Талаптар:
Білім деңгейі-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электр энергетика;
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - Санаты жоқ инженер лауазымына мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Талаптар:
Білім деңгейі-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электр энергетика;
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - Санаты жоқ инженер лауазымына мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Қазандық-турбина-1 цехының 8-разрядты энерго блогының аға машинисі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
05.02.2026 | 349
838793 - 858793 KZT
Өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасы, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
04.02.2026 | 253
253705 - 273704 KZT
Жылу автоматикасы және өлшемдер цехының өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
02.02.2026 | 468
253705 - 273705 KZT