Электрохимиялық қорғау (ЭҚ) және диагностика қызметінің БӨА және А бойынша слесарі

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
629

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа қатысудың міндетті талаптарымен танысуыңызды сұраймыз:

  • Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және басқа да мәліметтердің дұрыстығына үміткер жауап береді.

  • Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, Сізге сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы жөніндегі анықтаманы тиісті хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.

  • Тиісті хабарламаларды жеке кабинетіңізде қадағалап отыруыңызды сұраймыз.

Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.


БӨА және А бойынша 5-разрядты слесарь білуі тиіс:

  • жөнделетін күрделі және дәл аспаптардың конструкциялық ерекшеліктерін, оларды реттеу және юстировка жасау тәсілдерін;

  • дәл өлшеу құралдарының құрылысын;

  • тексерілетін және тексеру кезінде қолданылатын аспаптардың кинематикасын, электрлік сұлбаларын, жұмыс істеу қағидатын, оларды тексеру әдістерін;

  • тексерілетін аспаптардың блок-сұлбаларын;

  • аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу және жою шараларын;

  • барлық типтегі өздігінен жазатын аспаптардың кинематикалық сұлбасын;

  • күрделі аспаптар мен автоматтарды жөндеу, тексеру және юстировка жасау қағидаларын, сондай-ақ талап етілетін дәлдікті қамтамасыз ететін базалық беттерді таңдау ережелерін;

  • арнайы аппаратура мен блоктардың жұмыс режимдерін және оларды реттеу тәсілдерін;

  • атқарылатын жұмыс көлемінде электротехника, жылутехника, радиотехника және оптика теориясының негіздерін.


БӨА және А бойынша 5-разрядты слесарьдың жұмыс сипаттамасы:

  • автоматты реттеу жүйесі, қосындылау механизмі және көрсеткіштерді қашықтан беруі бар күрделі жылуөлшеу, оптикалық-механикалық, электродинамикалық, есептегіш, автоматты және басқа да аспаптарды жөндеу, реттеу, сынақтан өткізу, юстировка жасау, монтаждау, іске қосу және пайдалануға тапсыру;

  • дәлдік класы 0,01 және одан төмен барлық типтегі электроөлшеу аспаптарын аса жауапты учаскелерде және күрделі сынақтық әрі технологиялық жабдықтарда тексеру;

  • күрделі радиоэлектрондық құрылғыларды, ЭЕМ аппаратурасын және арнайы радиоаппаратураны электрлік реттеу;

  • күрделі қосылу сұлбаларын жасау, күрделі радиоэлектрондық аппаратураны электромеханикалық баптау;

  • аспаптардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, зертханалық аспаптарды дайындау;

  • шкалалар мен торларды сызу, күрделі эскиздер жасау;

  • электрлік аспаптарды басқа өлшеу шектеріне қайта есептеу;

  • жылулық және электрлік барлық түрдегі бақылау-өлшеу аспаптарының, автореттегіштердің және қоректендіру автоматтарының жұмысын реттеу және тексеру.


Жұмыс шарттары

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми рәсімделу;

  • Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері — сенбі және жексенбі.