" ҚТЖ "ҰК "АҚ - Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалы Жаңақорған станциясының пойыз құрастырушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1.Поезд құрастырушысы арнайы жұмыс киімін киюге міндетті. Қызғылт сары түсті жарық шағылыстыратын жилет киюі, киімі қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей болуы және түймелері түгел тағылған болуы тиіс. Бас киім есту қабілетіне кедергі келтірмеуі қажет.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
2.
Поездарды Қазақстан Республикасының Техникалық пайдалану қағидалары (ТПҚ) және тиісті нұсқаулықтардың талаптарына толық сәйкес қалыптастыру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
3.
Алдағы маневрлік жұмысты орындау жоспары мен тәсілдерімен таныстыру арқылы маневр жұмысына қатысатын барлық қызметкерлердің іс-қимылдарының дұрыс орналасуын және келісімділігін қамтамасыз ету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
4.
СЦБ және байланыс жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда, станция бастығы немесе оның орынбасарлары келгенге дейін ДСП нұсқауы бойынша пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын тексереді.
Оқиға бойынша
Ауысым барысында
5.
Ауысымды қабылдау кезінде вагондардың тежеуіш башмактарымен дұрыс бекітілгенін, олардың санын және нөмірленуін ауысымды тапсырып жатқан поезд құрастырушының қатысуымен тексереді, кейін DU-67 нысанындағы тежеуіш башмактарының нөмірлік есеп журналына ауысымды қабылдау және тапсыру туралы қол қояды.
Әр ауысым сайын
Ауысым басында
6.
Маневрлік жұмысқа берілген тапсырмаларды дәл және уақтылы орындау. Маневр жұмысын пойыз қозғалысының қауіпсіздігі, маневрге қатысатын қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастыру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
7.
Жылжымалы құрамның орналасуымен танысу, вагондардың бекітілуін тексеру, белгіленген бекіту құралдарының бар екеніне көз жеткізу.
Әр ауысым сайын
Ауысым басында
8.
Маневр жұмысы басталар алдында барлық қызметкерлердің өз орындарында екеніне көз жеткізу, оларды жұмыс жоспарымен таныстыру, вагондардың қозғалысына кедергі келтіретін бөгеттердің (дөңгелек астындағы тежеуіш башмактар және т.б.) жоқтығын тексеру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
9.
Маневр жұмысы алдында тіркегіш құрылғылардың жағдайын тексеру, ағытудан кейін рычаг тұтқаларын қалыпты жағдайға түсіру. Құрастыру аяқталғаннан кейін автотіркегіштердің орталықтарының сәйкес келуін тексеру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
10.
Вагондармен алға қарай жылжыту кезінде станция жолдарында қозғалыс бағыты бойынша бірінші тежеу алаңында немесе бас вагонның арнайы басқышында тұрып, ысқырықпен белгі беру және қажет болған жағдайда құрамды тоқтату шараларын қабылдау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
11.
Атқыштардың (стрелкалардың) уақтылы дайындалуын және сигналдардың дұрыс берілуін бақылау, құрамның жақсы көрінетін жерлерінде болу, қажет болған жағдайда басқа қызметкерлерді (парк кезекшілерін және т.б.) сигнал беруге тарту. Осаживание алдында вагондардың астында тежеуіш башмактарының жоқтығына көз жеткізу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
12.
Құрамдар тұрған жолдарға кіру кезінде қоршау сигналдарының жоқтығына көз жеткізу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
13.
Тиеу, түсіру жолдарындағы маневр жұмыстары кезінде қозғалысқа кедергі келтіретін бөгеттердің жоқтығына көз жеткізу, ал тиеуі немесе түсіруі аяқталмаған вагондармен маневрлерді тек тиеу-түсіруге жауапты қызметкермен келісім бойынша орындау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
14.
Станция кезекшісінің рұқсатынсыз жолдардың қарсы шетінің шектеу бағандарынан жылжымалы құрамның асып кетуіне жол бермеу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
15.
Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін пайдалану жұмысының күрделенуі немесе стандарттан тыс жағдай туындаған кезде маневр диспетчерін, станция бастығын және мүдделі қызметтердің басқа қызметкерлерін дереу хабардар етеді, авариялық немесе стандарттан тыс жағдайды жою үшін жедел шаралар қабылдайды.
Оқиға бойынша
Ауысым барысында
16.
Маневр жұмысының алда жүргізілетіні туралы вагон жолсеріктерін және жүкті алып жүретін топтарды алдын ала ескерту.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
17.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жолаушылар пойыздарын уақтылы өңдеу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
18.
Кірме жолдарға вагондарды беру және жинап алу жұмыстарын жүргізу. Орталықтандырылмаған стрелкалы бұрма алдында құрамды тоқтату, стрелканың жарамдылығын тексеру, оны аудару және қозғалысқа команда беру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
19.
Вагондарды тиеу-түсіру фронттарына уақтылы беруді қамтамасыз ету, «жергілікті» вагондарды пойыз құрамына жедел қою шараларын қабылдау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
20.
Адамдар орналасқан, габариттен тыс және қауіпті жүктері бар вагондармен маневр жұмыстарын ерекше сақтықпен жүргізу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
21.
Жолаушылар пойыздарында класты вагондарды тіркеу және ағыту жұмыстарын орындау. Қауіпті жүк тиелген вагондармен жолаушылар пойыздарында тіркеу және ағыту кезінде маневр жұмысы барлық вагондардың автотежеуіштері қосулы күйде жүргізіледі.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
22.
«ВМ» қауіпті жүгі бар пойыз құрамы локомотивсіз қалдырылған жағдайда, оны бекітіп, 50 метр қашықтықта тоқтау сигналымен (қызыл қалқан) қоршайды.
Оқиға бойынша
Ауысым барысында
23.
Маневр құрамының күзетілмейтін өткелге жақындауы кезінде құрам өткелге дейін 50 метр қалғанда тоқтатылады. Осыдан кейін поезд құрастырушы өткелге жаяу барып, автокөліктің жоқтығына көз жеткізеді, қозғалыстағы автокөлік болған жағдайда оны тоқтату шараларын қабылдайды. Тек содан кейін ғана оның командасымен маневр құрамы қозғалысқа келтіріледі.
Жоғары платформалардың жанында немесе «габариттен тыс орын» белгісі орнатылған құрылыстар маңында, сондай-ақ сары-қара жолақтармен белгіленген қауіпті орындарда маневр құрамдары немесе жеке локомотивтер қозғалған кезде құрастыру бригадасы қызметкерлерінің вагондардың арнайы басқыштарында, локомотив алаңшаларында және жолаушылар вагоны тамбурының басқыштарында тұруына тыйым салынады. Бұл жағдайда поезд құрастырушы немесе оның көмекшісі маневр құрамын габариттен тыс орынға дейін 50 метр қалғанда тоқтатып, бұл жерден жол жиегімен жаяу өтуі тиіс.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
24.
Тежеуіш башмактарының сақталуына жауапты болады.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
25.
Кірме жолдардың айналма-өлшеу және қосу жолдарында локомотивсіз вагондарды қалдыруға тыйым салынады.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
26.
Кірме жолдарда жылжымалы құрам стрелкалы бұрмадан өткеннен кейін қолмен басқарылатын стрелкаларды сақтандыру тұйығы бағытына аудару.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
27.
Айына 2 рет техникалық сабақтарға қатысу.
Жоспарға сәйкес
Кесте бойынша
Біліктілік талаптары:
Білім, біліктілікБілім: Міндетті: белгіленген бағдарлама бойынша орта білім және арнайы дайындық.
Білімдері: Міндетті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің нормативтік құжаттарын, «ҚТЖ Жүк тасымалдары» ЖШС-нің басшылыққа алатын бұйрықтары мен нұсқауларын білу;
поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты, сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, техникалық пайдалану қағидаларын, технологиялық процесті, станцияның ТРА-сын, жергілікті нұсқаулықтарды, «ҚТЖ Жүк тасымалдары» ЖШС – «Қызылорда ГП бөлімшесі» бойынша басшылыққа алынатын бұйрықтарды басшылыққа алу.
Қалаулы: коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда серіктестік қарым-қатынасты сақтай білу.
Мамандығы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім –
«Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)»;
орта (техникалық және кәсіптік) білім –
«Көлікте (салалар бойынша) тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»;
«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару».
Жұмыс өтілі
Қызмет бейіні бойынша:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік) білім болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар:
еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;Серіктестіктің басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
іскерлік әдеп нормаларын және корпоративтік мәдениетті сақтау;
Серіктестіктің және Компанияның жергілікті актілері мен құпиялылық талаптарын бұзбай, уақтылы әрі шынайы ақпаратты ұсыну;
өзінің пайдаланудағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде төмендегілерді жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
в) жеке мүдделер Серіктестіктің және Компанияның мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар мен мән-жайларға жол бермеу. Мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындау ықтималдығы болған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына жазбаша түрде хабарлау;
г) Серіктестіктің қызметкері жасаған немесе жасап жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кез келгені туралы белгілі болған жағдайда Компанияның «сенім телефонына» немесе өзінің тікелей не жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) Компанияның қызметкердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
е) Компанияның мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Серіктестіктің жергілікті актілерінің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауын болдырмау және алдын алу;
з) құрылымдық бөлімше жетекшілік ететін процестерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаттарының талаптарын енгізу;
«Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі шеңберінде функцияларды жүзеге асыру;
осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шараларды қабылдау;
«ҚТЖ «ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, ол «ҚТЖ «ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №14 хаттама шешімімен бекітілген және «ҚТЖ «ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №14 хаттама шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып;
өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру