«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Бурабай курорты вокзалы бастығының кезекші көмекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Белгіленген режим мен технологиялық процеске сәйкес жұмыс ауысымы ішінде вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың нақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бұзылған жағдайларда тиісті актілер жасайды және вокзал басшылығын уақтылы хабардар етеді. Вокзалдағы жедел жағдаймен, кезекшілікке кіру кезінде келіп түскен басшылық құжаттармен (жеделхаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т. б.) танысады. Тасымалдау процесіне және вокзал қызметіне қатысты жоғары тұрған басшылықтың (бұйрықтар, өкімдер, телеграф нұсқаулары, факсограммалар, телефонограммалар және т.б.) келіп түскен нұсқауларына сәйкес жұмыс орнындағы нұсқағыштарға, анықтамалықтарға және басқа да қосалқы материалдарға уақтылы өзгерістер енгізеді. Тасымалдау процесін ұйымдастыру және вокзал қызметі бойынша келіп түскен өзгерістермен (жеделхаттармен, нұсқаулармен, бұйрықтармен, өкімдермен және т. б.) қатысы бар адамдарды (ауысымды қызметкерлерді) уақтылы таныстырады. Билет кассаларының, зембілдердің, сақтау камераларының, демалыс бөлмелерінің, медициналық пунктің және басқа да сервистік қызметтердің, атап айтқанда: жұмыс режимін сақтауды, нысанды киім киюді, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде мәдениет пен этиканы сақтауды, сондай-ақ олар орналасқан үй-жайларда санитариялық және өртке қарсы талаптар мен нормаларды сақтауды Жедел тәртіппен бақылау, бұзушылық кезінде тиісті актілерді жасайды.Біліктілік талаптары:
Білімі: Жоғары, Мамандығы Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туристік/қонақ үй дело.
Жұмыс тәжірибесі жоғарғы оқу білімі болса вокзал бойынша кезекші/ перрон бойынша кезекші/анықтама беру жөніндегі кезекші лауазымында кемінде 2 жыл, егер орта білімі болса вокзал бойынша кезекші/перрон бойынша кезекші/анықтама беру жөніндегі кезекші лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілімі болуы тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр