«KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының бас бухгалтері
Білім деңгейі: жоғары
Білім профилі: қаржылық және / немесе экономикалық және / немесе есеп және аудит
Кәсіби тәжірибесі: бухгалтерлік және салықтық есепте.
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл
Кәсіби сертификаттардың/ сертификациялардың болуы: ҚР Кәсіби бухгалтері сертификаты, ДипИФР (орыс)
Білуі керек: Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын, салалық заңнаманы, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттырын білу; салық органдары және басқа да бақылаушы органдардың тексерулерінен өту тәжірибесі; бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша жұмыстың барлық салаларын білу; басшыға салықтық салдарын болжау және түсіндіру мүмкіндігі.
Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу
ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: ДК пайдаланушысы ИСУ SAP, КН КГД, ИСНА, ЭСФ, ПК Word, Excel.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) филиалдың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының пайдаланылуына, қаржылық тәртіптің сақталуына, Филиал мүлкінің сақталуына бақылау жүргізеді;
3) «KEGOC» АҚ есеп саясатын қалыптастыру, бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес Регламенттерді, Қағидаларды, Нұсқаулықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Салықтық есеп саясатын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) мүлікке жоспарлы және жоспардан тыс түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету, шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылау, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі жұмысты басқарады;
5) қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есепке алу мен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде Филиалда бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұтымды ұйымдастыруды, Филиалдың қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және анық бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын есепке алуды, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында уақтылы көрсетуді, өндіріс шығындарын, қаржылық, есеп айырысу және несиелік операцияларды есепке алуды ұйымдастырады;
7) бастапқы құжаттарды ресімдеу тәртібінің, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерінің, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың тапшылығын, заңсыз жұмсалуын, қаржы және шаруашылық заңнамасының бұзылуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;
9) бухгалтерлік құжаттардың, жалақы бойынша есеп айырысулардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін, салықтар мен алымдарды бюджетке дұрыс есептеуді және аударуды қамтамасыз етеді;
10) шаруашылықішілік резервтерді анықтау, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша Филиалдың қаржы-экономикалық қызметіне талдау жүргізуге қатысады;
11) бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасауды, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға және «KEGOC»АҚ Атқарушы дирекциясына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
12) өзіне бағынысты қызметкерлер үшін қызметтік міндеттерді белгілейді;
13) материалдық-жауапты тұлғаларды тағайындауды, жұмыстан босатуды және орнын ауыстыруды келіседі;
14) екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу кезінде қажетті төлем және басқа да құжаттарды (банктік шот ашуға/жабуға, резидентсіз шарттарды тіркеуге, уақытша бос ақша қаражатын инвестициялауға арналған шартты, төлем тапсырмасын, төлеуге арналған өтінімдерді және т. б.) келісуді қамтамасыз етеді;
15) төлемдер тізілімін келісуді қамтамасыз етеді;
16) қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес төлемдерді жүргізу жөніндегі жұмысты басқарады;
17) резидентсіз шарттарды валюталық реттеу бойынша бақылауды, келісімшарттың есептік нөмірін алу үшін құжаттарды ресімдеуді және тиісті есептерді тапсыруды, валютаны репатриациялау мерзімдерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
18) төлем күнтізбесінің орындалуы жөніндегі есепті келісуді қамтамасыз етеді;
19) шоттардағы ақша қаражатының қалдықтарын бақылайды;
20) қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, өз міндеттерін филиалдың тікелей басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қатынас жасай отырып орындайды;
21) қаржы тергеулерін жүргізуге және ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеуі мен ұрлануы жөніндегі материалдарды ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда бұл материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды;
22) «KEGOC» АҚ мүлкін қайта бағалау нәтижелерін талқылау мәселелері бойынша жұмыс тобына қатысады;
Компаниядағы белгілі бір тәуекелді және/немесе тәуекелдерді басқаруға жауапты, тиісті тәуекелді сәйкестендіруге, бағалауға және басқаруға, іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат беруге, сондай-ақ осы қызмет бойынша есеп беруге жауапты.
Жұмыс орны: «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимараты Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 27 мекен-жайында орналасқан.
Түйіндемелерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 20 ақпан қоса алғанға дейін.
Қажетті қабілеттер
- • сертификат профессионального бухгалтера • сертификат ДипИФР АССА
- - навыки ведения бухгалтерского и налогового учета;
- - навыки составления финансовой отчетности;
- * Знание принципов и методов бухгалтерского учета;
- ИСУ SAP, КН КГД, ИСНА, ЭСФ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп
Ұқсас вакансиялар