Күрделі құрылыс тобының инженері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
60

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • АЭС құрылысы бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы капиталдық құрылыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, барлық капиталдық құрылыс объектілері бойынша титулдық тізімдерді қалыптастыру;
  • АЭС құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырмалар дайындау;
  • АЭС алаңын таңдау материалдарын Қазақстан Республикасының жергілікті және орталық атқарушы органдарымен, сондай-ақ құрылысы барысында мүдделері қозғалатын инженерлік құрылыстардың ұйымдары мен меншік иелерімен келісу;
  • АЭС және оның инфрақұрылымы құрылысының алаңына кіретін жылжымайтын мүлік иелеріне келтірілген шығындарды өтеу жұмыстарын жүргізу;
  • Жобалау және сараптама ұйымдарымен шарттар/келісімшарттар жасасуға қатысу;
  • АЭС құрылысына (жобалау алдындағы және жобалық материалдар бойынша) экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу мақсатында қоғамдық тыңдаулар өткізуге арналған материалдарды дайындау жұмыстарына қатысу;
  • Мердігер ұйымдармен жасалған шарттар/келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілерін тексеруді қамтамасыз ету және оларды ішкі құжаттарда белгіленген мерзімдерде банк операцияларын жүргізуге жауапты бөлімшеге ұсыну;
  • Күрделі құрылыс бойынша есеп пен есептілікті жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді, жобалау алдындағы, жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына орындалған және қалдық көлемдерге жинақтау ведомостарын жүргізеді;
  • Қызмет бағыты бойынша қажетті анықтамалар, талдамалық материалдар, баяндамалар мен презентациялар дайындау;
  • Серіктестіктің бөлімшелерімен бірлесіп, энергетика (ядролық және электр энергетикасы) саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізу.

Талаптар:

  • Энергетика және/немесе құрылыс бағыты бойынша жоғары кәсіби білім;
  • Энергетика және/немесе құрылыс саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Энергетика және/немесе өнеркәсіптік объектілер құрылысында жұмыс тәжірибесі;
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес процестерді басқару тәжірибесі;
  • Жобалау, рұқсат беру құжаттарын алу, құрылыс жүргізу және объектілерді пайдалануға беру мәселелері бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Талдамалық материалдар дайындау тәжірибесі;
  • PMP, PMI курстарын аяқтағаны туралы сертификаттардың болуы міндетті.

Жұмыс шарттары:

  • 5/2 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)