"Вагонсервис"АҚ жылжымалы құрамды жөндеу және сақтау жөніндегі топтың менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қоғам бойынша жолаушылар вагондары паркіне түгендеу жүргізуге қатысады;
- жөндеу базаларының аумағында жоспарлы жөндеу түрлерін жүргізу кезінде вагондардың нормативтен тыс тоқтап қалуы, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде тиісті шараларды уақтылы қабылдау жағдайлары бойынша есепке алуды жүргізеді;
- жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды жөндеу жоспарын орындау бойынша, сондай-ақ вагондардың орналасқан жеріне қарай қозғалысы бойынша тұрақты есепке алуды және талдауды қамтамасыз етеді;
- жоспарлы жөндеу түрлерін өндіру кезінде жылжымалы құрамды жазғы және қысқы жағдайларда жұмысқа дайындауды ұйымдастырады;
- жолаушылар және оларға теңестірілген вагондарды, сондай-ақ ҚХР ММУ-ді бюджетке, қоғамның тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу жоспарына жөндеуді енгізудің тиісті рәсімін жүргізуге қатысады;
- ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептердің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету жөніндегі мәселені бақылайды;
- сұратылған материал және орындалу мерзімі бойынша барлық мәселелерді қамти отырып, жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша есептер, Ақпарат және анықтамалар дайындайды;
- ЛВЧДР-9 деполық жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау бойынша жұмыс жүргізеді;
- жөндеу кәсіпорындарының жасалған шарттардың талаптарын тиісінше орындамау фактілері бойынша жұмысқа қатысады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: вагон жасау және вагон шаруашылығы, Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар