3-разрядты электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

 

                                                          Талаптар

 

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес біліктілік талаптары

Арнайы бағдарлама бойынша дайындықтан өткен, нұсқаулыққа сәйкес жұмыстар жүргізуге құқығы бар.

Білімі (мамандық/біліктілік)

Техникалық/орта арнаулы/орта немесе жоғары білімге ие

Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Жұмыс өтілі кемі 3 жыл.

Басқару тәжірибесі

-

КМГ компаниялар тобында немесе мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі.

Ия

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі мен дағдылар:

-     МГӨЦ-те энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру;

-     Өндірістік қуат, кен орындарының қоры, өндірістік процестің техникасы мен технологиясы;

-     Күрделі құралдар мен электр жабдықтарының құрылымы, өзара әрекеттесуі және өндірістегі технологиялық процесс;

-     Электр қондырғыларының техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс режимдері және техникалық пайдалану ережелері;

-     Күрделі электр жабдықтарының құрылымы және тексеру әдістері;

-     Электр жабдықтарының технологиялық құрал-жабдықтармен өзара байланысы;

-     Қолданылатын өлшеу құралдарына арналған пайдалану нұсқаулығы талаптары;

-     Мұнай-газ өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары;

-     Электр орнатылымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері.

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Электроөнеркәсіптік жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

     1) Электр жабдықтарын пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбек ұйымдастыру талаптарын орындау;

     2) 0,4–10 кВ кернеулі электр желілерін, электр машиналарын, электр-қосқыш аппараттарды, электр жабдықтарын және жарықтандыру құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын орындау.

3) Қызмет көрсетілетін жабдықтары мен электр желілерінің техникалық жағдайын тексеру;

5) Жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарын үнемі қадағалау;

6) Электр жабдықтарын жұмысқа жарамды күйде ұстау;

7) Электр жабдықтары мен желілеріне техникалық сынақтар жүргізу, ағымдағы және күрделі жөндеулерді орындау;

8) Тоқтап қалу, апат туындату немесе басқа да зиян келтіруі мүмкін себептер мен жағдайларды дереу жоюға арналған шараларды қолдану;

9) Электр жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, өндірістік және электр қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және еңбек заңнамасына қатысты ережелер, нормалар мен басқа нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау және орындау;

15) Туындаған ақауларды және жоспарлы жөндеулер кезінде орындалуға тиіс дайындау жұмыстарының қажетті көлемін анықтау мақсатында электр жабдықтарын, электр желілерін, жарықтандыру құралдарын және электр-қосқыш аппараттарын күнделікті тексеру;

16) Жабдықты пайдалану және жұмыс режимін өндіруші зауыттың өндірістік нұсқаулығына сәйкес сақтау; жабдықты паспорттық деректерге сәйкес жүктеу, шамадан тыс жүктемелерге жол бермеу, әр ауысым сайын майлау, тазалау және қызмет көрсетілетін жабдықты ретке келтіру; энергия агрегаттарын іске қосу және тоқтату тәртібін өндіруші зауыт нұсқаулығында белгіленгендей қатаң сақтау; жабдықтың ақаулы жұмыс жағдайлары туындаған жағдайда оны дереу тоқтату, бұл ақаулар жабдықтың авариялық істен шығуына әкелуі мүмкін болғанда, ақауларды анықтау және жою бойынша шаралар қолдану; жабдықты ауысымнан ауысымға тапсыру, яғни механизмдер мен аппараттардың жағдайын тексеру және бақылауды жүргізу;

17) Электр жабдықтары мен желілерін техникалық сынау арқылы жасырын ақаулар мен жабдықтың ақаулы жұмыс жағдайларын анықтау, эксплуатациялық сипаттамаларды қалпына келтіру және жақсарту мақсатында реттеу жұмыстарын уақтылы жүргізу;

18) Электромагниттердің, шеткі қосқыштардың, басқару батырмаларының, жергілікті жарықтандыру арматурасының және басқаларының бекітпелерін тексеру және қарау; электроқұрылғысы бар ұяшық қақпақтарының құлыптарын және блоктау механизмдерін жөндеу; шиналарды, сымдарды, клеммаларды және байланыс қосылыстарын, аппарат корпустарын шаң мен кірден тазалау; электр қозғалтқышын жөндеу және ауыстыру; электр қозғалтқыштарының оқшаулауын тексеру, клеммалардың және байланыс қосылыстарының жағдайын бақылау, қозғалтқыш корпустарын шаң мен кірден тазалау, майлау жағдайын тексеру және қажет болса ауыстыру, мойынтіректерді ауыстыру; электроқұрылғыларды жөндеу, электр сымдарының оқшаулауын тексеру (ысып кету, күйіп кету немесе механикалық зақымданулар жоқ екеніне көз жеткізу), сымдардың бекітпелерін, жерге қосу желісінің дұрыстығын бақылау; оқшаулау кедергісін өлшеу; қажет болған жағдайда жеке учаскелерді ауыстыру;

19) Жұмыстарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек қорғау және экология, өндірістік-санитарлық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғанысқа қатысты заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес орындау.