Compliance Officer/MLRO – Комплаенс офицер/ Сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша офицер

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
4721

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Орталықтың және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын енгізуді қамтамасыз ету, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу;

  • Сыбайлас жемқорлыққа және АЖ/ТҚҚ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жүйесін іске асыру және корпоративтік этиканы сақтау;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және АЖ/ТҚҚ бойынша сыртқы нормативтік талаптар мен озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және АХҚО заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Орталықтың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу талаптарының ақталуын бақылау, сатып алулар кезінде үміткерлерді іріктеу, Орталықтың үшінші тұлғалармен мәмілелерді жасау барысында контрагенттер (іскерлік серіктестер, кандидаттар) сенімділігін тексеру;
  • Сатып алулар кезінде Орталықтағы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеуді қоса алғанда, мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
  • Орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы шеңберінде қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету;
  • Жедел желіге келіп түскен Орталықтағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштерді қарау, олардың уақытылы орындалуын бақылау;
  • Орталықтағы комплаенс жүйесінің жұмыс істеуі және комплаенс-тәуекелдерді басқару туралы Орталық Кеңесіне ақпарат/есепті дайындау;
  • Орталық қызметкерлеріне сәйкестік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, АЖ/ТҚҚ бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу, Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа, КЖ/ТҚҚ-ға қарсы күрес, Орталық ішінде және контрагенттермен қарым-қатынаста іскерлік этиканы сақтау мәселелері бойынша Орталықтың басшылығы мен құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік қолдау көрсету;
  • Орталықтың ішкі тәртібі мен ережелеріне сәйкес талаптарды сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Талаптар:

- мамандандырылған бағыттар бойынша жоғары кәсіби білім: құқық, қаржы, экономика;

- кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде: комплаенс саласында кемінде 3 жыл 

- сыбайлас жемқорлыққа, АЖ/ТҚҚ-ға қарсы күрес саласындағы қазақстандық заңнаманы, АХҚО қолданыстағы заңын түсіну;

- Сәйкестік пен тергеу саласындағы, АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық кәсіби ұйымдар (мысалы, ICA, CFE), «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттырудың корпоративтік орталығы берген және біліктілік емтиханын тапсыруды талап ететін сертификаттардың болуы.

- тілдерді еркін меңгеруі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу (деңгейі Intermediate-ден төмен емес).

Шарттар:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • аналитический склад ума, пунктуальность, внимательность, исполнительность; стрессоустойчивость.
  • - Умение работать в напряжении и многозадачности
  • нацеленность на достижение результата
  • Умение проводить надлежащую проверку контрагентов
  • навыки по проведению внутренних расследований

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа