"KEGOC" АҚ "Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер" филиалының Қарағанды өңірлік орталығы өндірістік қамтамасыз ету тобының жетекші инженері(уақытша)

от 319700 KZT
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
46

   Конкурс туралы
Міндеттері: 

1) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде сатып алу үшін жоспарланатын, тауарлы-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) және негізгі құралдардың (бұдан әрі – НҚ) тізбелері мен өтінімдерін қалыптастырады;

2) Филиал үшін жеке қорғану құралдарының және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша қызметтердің өтінімдерін қалыптастырады;

3) Филиал үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрмелеу жұмыстары, өрт-техникалық минимум саласында персоналды оқытуға өтінімдер қалыптастырады;

4) ТМҚ өтінімдерінің нормативтік қажеттілікке сәйкестігін тексеруді, ТМҚ және НҚ бойынша техникалық ерекшеліктерді жинауды және талдауды, SAP ERP бағдарламасында өтінімдерді енгізуді, түзетуді жүзеге асырады;

5) бюджетті жоспарлауды және сатып алудың жылдық жоспарын (бұдан әрі - САЖЖ) қалыптастыруды үйлестіреді, жетекшілік ететін КАУ бойынша бюджеттің атқарылуына мониторингті жүзеге асырады;

6) Филиал құзыретіндегі баптар бойынша Қоғамның және ОЖЭТ филиалының инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруды үйлестіруді және оның орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады, техникалық ерекшеліктерді, инвестициялық бағдарламаға түзетулерді жинау және талдау, жетекшілік ететін баптар бойынша есептерді дайындау;

7) Филиал бөлімдерінің бастықтарымен бірлесіп айлар және жылдар бойынша жұмыс жоспарларын қалыптастырады;

8) негізгі құралдар бойынша материалдық жауапты тұлғаның функцияларын орындайды;

9) жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттарды, қызметтік жазбаларды дайындауды және оларды электрондық құжат айналымы жүйесінде ресімдеуді жүзеге асырады;

10) персоналды ішкі нормативтік құжаттамамен және нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру парақтарымен таныстыруды, жүргізуді және есепке алуды жүзеге асырады;

11) Қауіпсіздік, Еңбекті қорғау және азаматтық қорғаныс қызметіне жабдықтың жұмысы бойынша есептерді, Филиал бойынша технологиялық бұзушылықтар туралы ай сайынғы есепті ( Ф.16  – энерг.) жібереді;

12) Т-2 нысаны бойынша карточкаларды ресімдеуді, қалалық әскери комиссариатта әскери міндеттілерді салыстыруды және брондауды жүзеге асырады, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар мен дәрістер өткізуді бақылайды және олар бойынша есептерді ресімдейді;

13) ТЖҚ жеткізушілерін іздеуді, ТЖҚ жеткізушілерімен жұмысты, ТЖҚ сатып алу шарттарына мониторингілеуді жүзеге асырады;

14) негізгі және коммерциялық қызмет үшін тауарлардың бағасына маркетингтік талдау жүргізеді;

15) бекітілген бизнес-процестерге сәйкес қызметті жүзеге асырады;

16) Филиалдың АҚ және ТЖ бойынша жұмыстарды жүзеге асырады  ;

17) Филиалдың техникалық оқытуын өткізу бойынша құжаттарды ресімдеуді орындайды.

Талаптар:

  • Компьютерлік дағдыларды меңгерген;
  • Қазақстан Республикасы заңңамасының талаптарына сәйкес тілдерді білу.
  • Аналитикалық ойлау;
  • Жұмыс процесін оңтайлы жоспарлау;
  • Қарым-қатынас дағдылары,
  • Тиімді жеке жұмыс, топтық жұмыс;
  • Кепілдендірілген қорек жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары;
• Қуатты ДК пайдаланушысы (MSOffice: Word, Excel, Access, PowerPoint);

Шарттары:
  1. Жұмыс кестесі: 5/2 (демалыс күндері жұмысқа шығуға болады)
  2. Іссапарлар
  3. Толық әлеуметтік пакет
  4. Бос жұмыс орны Қарағанды қ., Н.Назарбаев даңғылы 64/1.
  5. 08: 00 - ден 17:00-ге дейін, түскі ас 12:00-13:00

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)