«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Тасымалдау процесі дирекциясы» Астана пайдалану вагон депосының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Өндірістегі кәсіби аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шаралар мен кешенді жоспар әзірлеу.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша әдістемелік жұмыс жүргізу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу жағдайларын тіркеу және оларды жою шараларын әзірлеу.
- Еңбек қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес білімді тексеру жөніндегі комиссияға қатысу.
- Өндірістік жарақаттарды талдау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
- Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық тәжірибелерін зерттеу және қорытындылау, сондай-ақ филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде осы тәжірибелерді енгізуді ұйымдастыру.
- Байқауларды, семинарларды және еңбекті қорғау мектептерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін тексеру, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жағдайын, желдету жүйелерінің тиімділігін, санитарлық-гигиеналық құрылғылар мен үй-жайлардың, жеке қорғаныс құралдарының жағдайын тексеру, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және анықтау. Белгіленген талаптарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі құжаттамасын және есептілігін жүргізеді.
- Білім: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Келесі салалардағы мамандану: Көлік, көлік жабдықтары және технологиясы (вагондар және вагон құрылысы); Стандарттау, метрология және сертификаттау; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- Тәжірибесі: Тиісті саладағы II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар