«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің Жаңаарқа жол қашықтығы Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- АГО-1 және АГУ-4 нысанындағы жылдық статистикалық есептерді қалыптастыру, жолды күрделі жөндеудің жылдық және перспективалық жоспарларын қалыптастыру, теміржол және қызметтік-техникалық ғимараттарды күрделі жөндеудің жылдық жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау;
- қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған "ҚТЖ "ҰК" АҚ бұйрықтарын, нұсқауларын және өзге де жергілікті актілерін жол қашықтығында орындау;
- өндірістік учаскелердің айлық есептерін қабылдауға қатысу;
- аз қызмет ететін желілерді, сондай-ақ станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, негізгі құралдардың жай-күйін талдау, негізгі құралдарды түгендеу;
- маңайдағы және цехтардағы технологиялық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- пайдалану және инвестициялық бюджет бойынша өтінім жоспарларын қалыптастыру;
- 15.08.2000 ж. КП - 37 бұйрығымен белгіленген есептер бойынша ақпаратты есептілік нысандарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес белгіленген мекенжайларға жинауды және беруді қамтамасыз ету;
- жол қашықтығы бойынша техникалық паспорт жасау, кейіннен ҚТҚ-ға тапсыру;
- хаттамалар мен бұйрықтар жаза отырып, жедел кеңестер мен талдауларға қатысу;
- жол өлшегіш вагондардың өлшемдері бойынша жолдың бальностығын бақылауды жүзеге асыру. Салыстырмалы талдау жасаңыз;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге бағытталған шаруашылықты қысқы кезеңде жұмысқа дайындау жөніндегі іс-шаралардың, көктемгі және күзгі қарап-тексерулердің орындалуын талдау және бақылау;
- диспетчерлік пункт жұмысын бөлушілердің жұмысын және ТҚҚ мәселелерінің шеңбері бойынша бақылауды жүзеге асыру;
- жол қашықтығы бойынша күрделі жұмыстардың жоспарын жасау;
- қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу себептерін көрсете отырып, қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізу және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу ;
- поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жол берілген бұзушылықтарын жоюды талдау және мониторингтеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік);
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы