Порттық флот экипажы кеменің ауысым капитаны
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
ауысым (вахта) басталар алдында жаңадан кезекшілікке түскен ауысымға вахталық қызметті атқару және кеме жұмыстары бойынша, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану, қоршаған ортаны қорғау қағидалары бойынша нұсқама өткізу, нұсқама журналдарын міндетті түрде толтырып, қызметкерлердің қолдарын қойдыру; кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кемені айлақтау және сүйрету операцияларына уақтылы дайындауды қамтамасыз ету; техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жіктеу қоғамының қағидалары талаптарына сәйкес кемені және техникалық құралдарды куәландыруға ұсынуға қатысу; жүзудің әртүрлі жағдайларында және айлақтау операцияларын (қызмет көрсету) орындау кезінде барынша навигациялық қауіпсіздікті сақтау, кеме корпусының, винт-руль кешенінің және т.б. зақымдануына жол бермеу; кемеде жұмыстар және/немесе жөндеу жұмыстары экипаж күшімен немесе мердігер ұйым қызметкерлерімен жүргізілген жағдайда, аға механикпен/вахталық механикпен бірлесіп, еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына кеме бойынша тексеру жүргізуБіліктілік талаптары:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе теңіз оқу орнының орта техникалық және кәсіптік білімі (орта арнаулы, орта кәсіптік), біліктілігі: Инженер/Техник-кеме жүргізуші.
Халықаралық теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахта атқару туралы 1978/2010 жылғы Конвенцияның (түзетулермен) А-II/3 бөлімі талаптарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамды кеме капитанының жұмыс дипломының болуы (500 брутто-тоннадан кем, жағалаулық жүзу).
Жұмыс тәжірибесі: капитан лауазымында кемінде 3 жыл еңбек өтілі.
Қосымша талаптар:
Құзыреттері:
-
Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет Жарғысының талаптарын орындау, кемені жөндеуге дайындау және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар тізбесін жүзеге асыру;
-
ҚР «Сауда мақсатындағы теңізде жүзу туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кеме құжаттамасын жүргізу;
-
экипаж мүшелерімен кеме дабылдары бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларды кезең-кезеңімен өткізу;
-
кеме тіркеу (регистрлік) құжаттарының қолданылу мерзімдерін бақылау;
-
кеме құжаттарының, техникалық құралдар мен жүйелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың, мүліктің және қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандардың (ҚБҚ) сақталуын қамтамасыз ету.
Дағдылары:
-
кемені басқару (кеме жүргізуді жүзеге асыру), кеме экипажын басқару;
-
кеме қондырғылары мен механизмдерінің, жүйелерінің апатсыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оларды дұрыс пайдалану, уақтылы техникалық қызмет көрсету және куәландыру;
-
пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және ҚР заңнамасының өзге де нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес кеме техникалық құралдарын, жүйелерін, механизмдерін, құрылғыларын, агрегаттарын, табиғатты қорғау жабдықтарын және шағын жүзу құралдарын жоспарлы-алдын алу тексеруін және жөндеуін жүргізу;
-
лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті компьютерлік бағдарламалармен (Excel, MS Office және т.б.) дербес компьютердің тәжірибелі пайдаланушысы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар