"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ филиалының Жүк қоймасының деректерін енгізу және есеп беру жөніндегі маман

от 554915
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
60

Қаралған саны:
292

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоймаға келіп түсетін бастапқы құжаттаманы (жүкқұжаттар, актілер, ведомостар, ордерлер және т.б.) қабылдау және өңдеу;
  • ішкі регламенттер мен нормативтерге сәйкес жүктер туралы деректерді есеп жүйелеріне енгізу;
  • қоймадағы жүктердің қозғалысы, қалдықтары және орналастырылуы бойынша күнделікті, ауысымдық және кезеңдік есептерді қалыптастыру;
  • есептік ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын бақылау, жүктің нақты бар болуы мен жүйедегі деректер арасындағы сәйкессіздіктерді анықтау;
  • деректерді нақтылау және келісу мақсатында қойма қызметкерлерімен, логистика бөлімімен, кеден органдарымен, экспедиторлармен және терминал операторларымен өзара іс-қимыл жасау;
  • ішкі стандарттар мен бақылаушы органдардың талаптарына сәйкес құжаттарды мұрағаттау және сақталуын қамтамасыз ету;
  • түгендеуге қатысу, есептік деректерді қоймадағы нақты бар болуымен салыстыру;
  • порт және қойма кешені аумағында еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп қағидаларын сақтау;
  • өз құзыреті шегінде құжат айналымы мен есепке алу процестерін оңтайландыруға қатысу;
  • басшылықтың деректер, анықтамалар, үзінділер мен егжей-тегжейлі түсіндірмелер ұсыну туралы сұраныстарына жедел әрекет ету.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Логистика, экономика, менеджмент.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • ағылшын тілін білу (Advanced деңгейі);
  • теңіз тасымалдары және порт қызметі саласындағы халықаралық нормалар мен қағидаларды білу;
  • бақылаушы және кеден органдарына арналған есептілікпен жұмыс тәжірибесі;
  • жүк айналымы бойынша деректерді талдау және жинақталған есептілік дайындау дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр