Өндірістік бақылау департаментінің әкімшілендіру жөніндегі маманы (уақытша лауазым, аутстаффинг)

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
146

   Конкурс туралы

Білімі (жоғары, мамандығы/біліктілігі):
Жоғары техникалық білім.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе функционалдық бағыттарына сәйкес лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.

Кәсіби білімдері мен дағдылары:
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану қағидаларын білу.

Техникалық құрылғыларға тексеру жүргізу, техникалық диагностикалау, ақауларды анықтау.

Мамандарды даярлау біліктілікті арттыру курстарынан өтуді және білімін тексеруді талап етеді.

Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білу:
ДК-де жұмыс істеу дағдысы, MS Office, Excel бағдарламаларын, сондай-ақ Outlook электрондық поштасын білу.

Лауазымның қысқаша сипаттамасы:

Өндірістерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын ұйымдастыру және бақылау.

Қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына өндірістік бақылауды жүзеге асыру.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарындағы өзгерістер туралы ақпаратты қызметкерлерге жеткізу.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ілеспе құжаттаманы жүргізу.

ҚР ТЖМ ТЖД және басқа да реттеуші органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр