"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы" филиалының басқарушылық есепке алу жүйесін дамыту бойынша ф.б. к. бас менеджері (16 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Процестерді енгізу, дамыту, бақылау және мониторингілеу, олардың жобалық менеджменттің халықаралық стандарттарының талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады, бұл SAP Hana базасында басқарушылық есепті есепке алу бөлігінде "Самұрық-Қазына "АҚ АТ стратегиясы" шеңберінде үздік тәжірибелерді ескере отырып, қолданыстағы бизнес-процестер мен құрылымдарды оңтайландыруға мүмкіндік береді;
- қолданыстағы SAP HANA автоматтандырылған жүйесі негізінде компанияның басқарушылық есепке алудың жаңа жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі іс шараларды жүзеге асырады;
- қолданыстағы SAP HANA базасында Басқару есебін есепке алу бөлігінде компанияның компаниялар тобында жаңа бизнес-процестердің өзгеруіне, толықтырылуына немесе пайда болуына байланысты SAP базасында параметрлерге қажетті өзгерістер енгізуге сәйкес жүйеде баптау жұмыстарын талдайды және жүргізеді;
- қолданыстағы SAP HANA базасында басқарушылық есепті есепке алу бөлігінде іске асырылатын жобалар бойынша деректер қоймасының логикалық құрылымдарын (жобаны іске асыру үшін қажетті көрсеткіштер мен талдамалық белгілердің тізбесін құру және сипаттау) әзірлейді;
- операциялық логистика бойынша жұмыстардың толық циклін, кіріс пен шығыстар бюджетін жоспарлауды, қолданыстағы SAP HANA жүйесі негізінде қажетті материалдарды сатып алу жоспарын қолдауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: Ақпараттық технологиялар/ қаржылық және басқарушылық есеп саласында кемінде 4 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар