«KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы Өңірлік диспетчерлік орталығының жедел басқару тобының диспетчері Шымкент қ.
Білім деңгейі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Білім беру бейіні: Электр энергетикасы
Кәсіби тәжірибе: Электр энергетикалық мамандықтар бойынша
Жұмыс өтілі: Электр желілік мекеменің диспетчері, электр станциясының ауысым бастығы, 500 кВ қосалқы станцияның кезекші инженері немесе 220 кВ ҚС қызмет көрсету бойынша электромонтері лауазымында 3 жылдан кем емес
Электр қауіпсіздігі бойынша V біліктілік тобынан төмен болмауы тиіс
Кәсіби сертификаттардың/ сертификаттардың болуы: құптарлық
Білуі керек:
1) Электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативті-техникалық құжаттамаларын;
2) Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласында теориялық және тәжірибелік білімдердің болуы, электр желілерін техникалық пайдалану саласындағы талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде өрт қауіпсіздігі ережелерін білу;
3) Топта жұмыс жасау дағдылары, ынтымақтастыққа ашықтық, құрылымды сұхбат жасай алу қабілеті;
4) Аналитикалық дағдылар (талдау және бөлшектеу);
5) Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау).
ДК-мен жұмыс жасаудың қажетті дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: ДК және MS Office тәжірибелі пайдаланушысы.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың берілген жағдайларын, энергия жүйесінің тұрақтылығын, электр энергиясының сапасын және өңірдің электр станциялары мен желілері жұмысының үнемділігін қамтамасыз ететін электр энергиясын өндіруді, беруді және таратуды жедел-технологиялық басқаруды жүзеге асыру;
2) Технологиялық бұзушылықтарды оқшаулауға және жоюға басшылық жасау;
3) Энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша генерациялаушы қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) онымен келісілген мерзімдерде жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің сенімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін талап етілетін жұмыс режимін жүргізеді;
5) Алдағы ауысымда жабдықты жөндеуге шығару үшін қарауға келіп түскен жедел өтінімдерді пысықтау.
6) Тұтынушылардың энергия мен қуатты тұтынуын жедел бақылауды жүзеге асыру;
7) Электр станцияларының жұмыс қуатын көтеруіне, 110-500 кВ негізгі жүйе құраушы байланыстар бойынша жүктемеге тұрақты бақылау жүргізу;
8) Желілердегі және электр жабдықтарындағы жұмыстарға жіберуге рұқсат беру, 110-500 кВ әуе желілеріндегі жіберілген бригадалардың жұмысын құрылымдастыру;
9) Жабдықты жөндеуге, резервке (жұмысқа қайта қосу) шығару бойынша жедел ажыратып-қосуларды ұйымдастыру, тікелей жүргізу және бақылау;
10) Диспетчерлік пункттегі байланыс құралдарының, телемеханика құрылғыларының, ЖАК, есептеу техникасының және басқа да аппаратуралардың қалыпты жұмысын бақылау;
Жұмыс орны «KEGOC» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының әкімшілік ғимаратында орналасқан: Шымкент қ., Б. Момышұлы даңғылы, 27.
Түйіндемені қабылдау мерзімі 2026 жылдың 4 наурызын қоса алғанға дейін.
Қажетті қабілеттер
- Базовое знание основ диспетчерского управления;
- Навыки оперативного управления ситуациями
- Диспетчеризация и оперативное управление инженерными системами
- знание оперативных переговоров, переключений
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)