Аға қабылдап тапсырушы СЕМЕЙ қаласының өндірістік персоналы "Кедентранссервис" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы"Кедентранссервис" АҚ

316383 - 327173
Филиал АО «Кедентранссервис» по Восточно-Казахстанской области Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Вагондарды олардың мамандануына сәйкес жолдар бойынша орналастыруға басшылық жасайды; жүк терминалы жолдарынан вагондарды жинауға басшылық жасайды; кран машинистерінің және жүк тасымалдаушылардың жүк операцияларын орындау кезінде олардың жұмысына басшылық жасайды; жүк операцияларын орындаудың кезектілігі мен тәртібін белгілейді; 2. Жүк операцияларын жүзеге асыру алдында алаңды тексереді және оның жұмыстардың қауіпсіз орындалуына кепілдік беретін Жай-күйге келтірілуін қамтамасыз етеді; тиеу-түсіру алаңында бөгде адамдардың болуына жол бермейді; алаңда жүктерді сақтау кезінде габариттің сақталуын, алаңда жүк қатарлары арасындағы өрт алшақтықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 3.  Тиеу процесінде жүктерді вагонға орналастыру мен бекітудің дұрыстығын бақылайды; жүк тиеуші-рафтерлер мен кран машинистерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын орындауын бақылайды; 4.  Тиеуге немесе түсіруге келген вагондар мен контейнерлерге арналған құжаттарды өңдейді, тасымалдау құжатындағы мәліметтерді заттай парақтағы мәліметтермен салыстырады; темір жолдың қабылдау-тапсырғышымен үздіксіз жедел байланысты жүзеге асырады; контейнерлері бар вагондарды сұрыптау кезінде қатысады.

Біліктілік талаптары:

1.Білімі: орта-арнайы техникалық (кәсіптік) білім, жоғары техникалық білім 2.Мамандығы: теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Логистика; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономист-бухгалтер; есеп және аудит 3.Жалпы жұмыс тәжірибесі: міндетті: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс істеу.

Қосымша талаптар:

- MicrosoftOffice, Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларымен, Outlook, lotusnotes, Skype электрондық пошта бағдарламаларымен жақсы жұмыс істеу дағдылары;

Қажетті қабілеттер

  • приемосдатчик груза и багажа
  • Грамотность и умение правильно оформлять документы.
  • Оформление железнодорожных перевозочных документов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж