"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Еңбек қауіпсіздігі және экология инспекциясының бас менеджері (16-шы грейд).
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбек қауіпсіздігі және экология жөніндегі инспекциясының функционалдық бағытының мақсаттары мен жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының, Компанияның жергілікті нормативтік құқықтық актілерінің сақталуына жоспарлы және мақсатты тексерулердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Іс-шаралардың орындалуына мониторингті және Қазақстан Республикасының заңнамасының, Компанияның еңбекті қорғау мәселелері бойынша жергілікті нормативтік құқықтық актілерінің сақталуына жоспарлы тексерулер нәтижелерінің тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Компанияның селекторлық кеңестері мен тыңдауларының қорытындылары бойынша хаттамалар дайындауды қамтамасыз етеді;
- Өндірістік жарақаттардың жай-күйі туралы, оның ішінде компаниялар тобы бойынша тіркелген және тіркелмеген жазатайым оқиғалар туралы жедел ақпаратты, анықтамаларды, есептерді қалыптастыруды және дайындауды және оларды Компания басшылығына және басқа да мүдделі тұлғаларға ұсынуды қамтамасыз етеді;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында ақпараттарды жедел жинауды және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жағдайларының бастапқы материалдарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша жол берілген адам өліміне әкелген жазатайым оқиғалар бойынша материалдарды дайындауды және отырыстарға қатысуды қамтамасыз етеді;
- Компания тобы бойынша «Жолдағы адам» ақпарат жүйесі туралы ақпаратты және талдауды дайындауды қамтамасыз етеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Топ бөлімшелеріне берілген уәкілетті мемлекеттік органдардың бұйрықтарының орындалуына мониторингті қамтамасыз етеді;
- Шаруашылықтарды күзгі және көктемгі тексеру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тексерулер жүргізеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді ;
- 7-10 жыл ішінде үздік нәтиже көрсеткен желілік кәсіпорындарға сертификаттар бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік және ішкі бақылау бойынша сенім сертификаттары бойынша ұсыныстарды қарауды қамтамасыз етеді;
- Портфельдік компаниялардың мамандарын тарта отырып, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның тоғыспалы аудитіне қатысуды, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы ҚР нормативтік құжаттарына сәйкес аудит кезінде әдіснамалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: «Көлік», көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі) «; «Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) «; «Автоматтандыру және басқару»; «Электр энергетикасы»; «Стандарттау, метрология және сертификаттау»; «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»; «Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы) «; «Көлік құрылысы»; «Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) «; «Инженерлік жүйелер»; «Экология»; «Жылу энергетикасы».
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар