«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ЖТ «Ақмола бөлімшесі» филиалының Астана пайдалану локомотив депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог

354 549 - 375 620
ТЧЭ-11 АСТАНИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
25

Қаралған саны:
356

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйін талдау;
  • салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі мен жетілдірілуі жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
  • депо қызметкерлерін арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету, оларды қолдану, ұстау (сақтау, беру, жуу, тазалау, кептіру, залалсыздандыру, жөндеу және т. б.);
  • жұмысқа жаңадан қабылданған, іссапарға жіберілген барлық оқушылармен және өндірістік оқытуға немесе практикаға келген студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар өткізу;
  • өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесіндегі депо жұмысын талдау
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Экология; 
  • Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының қашықтықтан технологияларды дамыту секторының менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
25.06.2026 |  51
от 482 846
Акмолинское отделение магистральной сети
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі» материалдық базалар қоймаларындағы өндірістік қорлар секторының жетекші инженері (Астана станциясының орналасқан жері)
Акмолинское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
25.06.2026 |  15
441 859 - 457 396
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының Оқу - әдістемелік жұмысы бөлімінің менеджері (14 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  49
415 248 - 622 872