ЗАҢ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ШАРТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ (УАҚЫТША ЛАУАЗЫМ)

от 461700 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
120

   Конкурс туралы
  • Лауазымдық міндеттері:

1) «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы бұйрықтарының, Басқарма Төрағасы мен оның орынбасарларының өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға хаттар жобаларына құқықтық сараптама дайындайды және жүргізеді;

3) тендерлік құжаттамаға, тендерлердің нәтижелері бойынша жасалатын шарттардың жобаларына, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдеріне, тендерлердің қорытындылары туралы хаттамаларға, сондай-ақ осындай сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын материалдарға құқықтық сараптама жүргізеді;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын түсіндіру жөнінде мемлекеттік органдарға сұрау салулар дайындайды;

5) «KEGOC» АҚ басшылығына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттардың «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына және заңды мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытындылар дайындайды;

6) ішкі нормативтік және ұйымдастырушылық құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;

7) «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне «KEGOC» АҚ қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша консультациялар, қорытындылар мен анықтамалар береді;

8) «KEGOC» АҚ басшылығының тапсырмасы бойынша басқа мамандардың қатысуымен орындаушылық, еңбек тәртібін бұзу фактілері, «KEGOC» АҚ келтірген материалдық залалдың орнын толтыру туралы материалдарды тексеруді, дайындауды жүзеге асырады, «KEGOC» АҚ басшыларының бұйрығына сәйкес түрлі комиссиялардың жұмысына қатысады;

9) «KEGOC» АҚ қызметін реттейтін мәселелер бойынша ішкі нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

10) шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын қарайды немесе дайындайды, олар бойынша қорытындылар береді, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкестігін тексереді, оларға бұрыштама қояды, «KEGOC» АҚ басқа құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіре отырып, барлық құжаттарға заң сараптамасын жүзеге асырады және келісімшарттардың орындалуын бақылауға жәрдемдеседі;

11) заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі уәкілетті орган құратын жұмыс топтарына қатысады;

  • Қосымша міндеттер:

12) Қазақстан Республикасының қоғамдық және діни ұйымдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы және Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы заңнамасына мониторингті жүзеге асырады.

Талаптар:

Жоғары білім: Құқықтану бағыты бойынша

Құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3 жыл

Лицензиялар, сертификаттар: Қаралатын қызмет мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар:

  • MS Office бағдарламаларын тәжірибелі деңгейде меңгеру;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу (құпталады).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Командада жұмыс істеу дағдылары.
  • Негізгі заңнамалық актілерді білу, оларды түсіндіру және іс жүзінде қолдана білу.
  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау.
  • Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін зерделеу.
  • Жеке еңбекті ұйымдастыру және жұмыс уақытын жоспарлау.
  • Коммуникация құралдарын меңгеру.
  • Ақпаратпен және құжаттармен жұмыс істеудің заманауи құралдарын, әдістері мен технологияларын меңгеру.
  • Электрондық құжат айналымы жүйесінде (IBM Lotus Notes) жұмыс істеу дағдылары.

     Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 11 наурызға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • Юриспруденция