Жобаларды сүйемелдеу жөніндегі бас маман (уақытша)

Жалақы көрсетілмеген
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
39

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • жобаны іске асыру барысына техникалық басшылық жасау және бақылау, оны жан-жақты талдау және тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар;
  • жобаны іске асырудың мақсаттарын, міндеттері мен жолдарын стратегиялық пайымдау, белгіленген мерзімдерде жоспарланған міндеттерді орындау бойынша ұйымдастырушылық күш-жігер;
  • жаңа өндірістік және технологиялық объектілерді жобалау мен салуды басқару және мониторингілеу;
  • жоба бойынша ағымдағы қызметтің нәтижелерін талдау және іске асыру жоспарларын жасауға қатысу;
  • жобаларды іске асырудың кешенді базалық кестелерін қалыптастыру, интеграциялау және бекіту;
  • нақты прогресті ескере отырып, MS Project-те жобаларды іске асырудың кешенді кестелерін жиынтық бақылау және өзектендіру, сондай-ақ оларды жүргізу бойынша сектор инженерлерінің жұмысын үйлестіру;
  • мердігерлердің міндеттемелерді орындау мониторингі: жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) беру мерзімдерін бақылау және орындалған жобалау жұмыстарының көлемін тексеру;
  • кешенді басқарушылық есептілікті дайындау: жобалардың іске асырылу барысы туралы апта сайынғы есептерді қалыптастыру, сондай-ақ басшылықтың сұрауы бойынша талдамалық анықтамалар мен есептерді жедел дайындау.

Біліктілік талаптар:

  • өндіріс бейініне сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік, орыс тілдерін білу;
  • кәсіпорынның технологиялық схемасымен жұмыс істей білу;
  • презентациялар мен түсіндірме жазбаларды құрастыру дағдылары;
  • MS Project және Excel бағдарламаларының сараптамалық / жетілдірілген деңгейі;
  • тендерлік құжаттаманы дайындау дағдылары;
  • Word, Excel, Outlook, MS Project, PowerPoint, AutoCad бағдарламаларын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман