"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің 1-санатты экономисі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығындардың басқа шығын элементтері мен материалдар бойынша кезеңдер бойынша бюджет жобасын жасау;
- шығындарды жоспарлау және шығын бюджетін қалыптастыру үшін компания АБУ Фаворит бағдарламасына жұмыстар мен қызметтерге қажеттілікті шығын элементтері бойынша есеп беру объектісінің деректерін енгізеді;
- табыс пен шығын бюджетін SAP-қа жүктеу;
- өндіріс және қаржылық қызметтерге арналған уақыттық есептер мен тиісті кезеңдегі басқа шығын элементтері бойынша белгіленген есеп беру формалары мен көлемдері бойынша мерзімді есептер дайындау;
- Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамының бюджеттік комиссиясына қарауға арналған басқа шығын элементтері бойынша түзетулерді есептеу бағыты;
- кіріс пен шығындардың бюджетін басқа шығын элементтері арқылы оңтайландыру, түзету;
- жылжымайтын мүліктің ай сайынғы жалдау ақысын есептеу;
- пойыздар бойынша бөлек есеп жүргізу;
- багаж пункттері мен билет кассаларының шығындары туралы есеп беру;
- өндіріс және экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді жылдық жоспарларын дайындау үшін бастапқы деректерді дайындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы