Бас менеджер энергетик
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
• Энергетикалық жабдықтың қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; • Техникалық құжаттаманы жасау; • ЭМБ жұмысы туралы есептілікті жүргізу; • Өндірісті электр энергиясымен және энергияның басқа түрлерімен үздіксіз қамтамасыз ету, Серіктестіктер энергетикалық ресурстардың ұтымды жұмсалуын бақылау, үнемдеу режимін дәйекті сақтау. • Энергетикалық цехтар мен шаруашылықтардың жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, энергетикалық жабдықтар мен энергия желілерін жөндеу кестелерін, Серіктестіктер электр энергиясын өндіру және тұтыну жоспарларын, энергияның барлық түрлерін тұтыну нормалары мен режимдерін әзірлеу; • Энергетикалық жабдықтарды, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға, Серіктестіктер электр және жылу энергиясын босатуына және энергия үнемдейтін кәсіпорындарға қосымша қуат қосуға өтінімдер мен оларға қажетті есептеулер жасауды қамтамасыз ету, энергия ресурстарын жұмсау нормаларын төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; • Энергетика бойынша есептілікті қалыптастыру, сыртқы корреспонденция сұрауларын қабылдау және өңдеу. Бас компаниямен хат алмасу; • Энергетика мәселелері бойынша кәсіпорын мен бас компанияның хаттамалық тапсырмаларының, іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылау және есепке алу; • Жобалар бойынша қорытындыларды дайындау, энергия қондырғылары мен желілерін өнеркәсіптік пайдалануға сынауға және қабылдауға қатысу; • Өз құзыреті шегінде лицензиялардың және өзге де рұқсат түрлерінің қолданылу мерзімін бақылауды жүзеге асыру; • Мемлекеттік энергетикалық қадағалаудың нұсқамаларын актіде белгіленген мерзімдерде орындау; • Жұмыстың ерекшеліктері мен жергілікті жағдайларды ескере отырып нұсқаулық құрастыру; • Отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін, электр қондырғыларының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, апаттардың алдын алу, оларды пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; • Ұйымда энергетикалық ресурстарды ұтымды жұмсауды бақылау, үнемдеу режимін дәйекті сақтау; • Әзірленген жобалар бойынша қорытынды дайындау, энергия қондырғылары мен желілерін сынақтан өткізуге және өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауға қатысу (қажет болған жағдайда); • Жерасты құрылыстары мен коммуникацияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету, байланыс, сигнал беру, есепке алу, бақылау, қорғау және автоматика құралдарын тексеруді ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдарға қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды уақтылы ұсыну; • Ұйымды электр энергиясымен және энергияның басқа түрлерімен жабдықтауға бөгде ұйымдармен шарттар жасасуға бастамашылық жасау, олардың орындалуын бақылау; • ЭБЖ Серіктестікте жабдықтардың сақталуын, болуын және қозғалысын есепке алуды, сондай-ақ электр энергиясының шығынын, энергия шаруашылығы жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, апаттар мен олардың себептерін есепке алуды және талдауды ұйымдастыру; • Энергетикалық жабдықты пайдалану, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара іс-қимыл, энергия қондырғыларын пайдалану бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге жәрдемдесу; • Энергия жабдықтары мен энергиямен қамтамасыз етуді жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға қорытынды беру, қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастыру; • Өз құзыреті шегінде аралас құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасау; • Энергия шаруашылығын перспективалық дамыту жоспарларын, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын әзірлеуге, Серіктестіктер қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға, серіктестіктер мен оның бөлімшелерін энергиямен жабдықтау жүйелерін қайта құру және жаңғырту жобаларын қарауға, жаңа энергия объектілерін жобалауға және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауға техникалық тапсырмалар жасауға қатысу; • Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау; • Қажет болған жағдайда Серіктестіктің тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін алқалы органдарына қатысу; • Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Серіктестіктер басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру; • Серіктестіктер басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктер басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктер басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктер өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс); • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестіктер тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • Демалысқа шықпас бұрын, вахтааралық демалысқа, жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғанға дейін және т. б., орындаудағы істерді және/немесе материалдарды QMS-00-00-01 нысаны бойынша ауысымшы қызметкерге немесе ауысымшыны алмастыратын қызметкерге не тікелей басшыға беру; • Қолданыстағы шарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді тиісті бақылау (бар болса); • PRG-COM-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау; • PP-COM-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-COM-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау; • RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса); • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Серіктестіктер басқарушылық есептілігін Серіктестіктер тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету; • Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру; • Серіктестіктер Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Комплаенс жөніндегі офицеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша (кіріс хат-хабар алмасуды қоса алғанда), және болған жағдайда қызметтік тексеру туралы ақпарат пен осындай тексерулердің нәтижелерін ұсыну.Білім:
Жоғары инженерлік-техникалық білімДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығының қағидалары; • Қазақстан Республикасының теңгерімдеу нарығының қағидалары; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ҚР ЭЭПЕ, ҚТЕ, ЭҚОЕ, ӨҚЕ білімі. • Кенді кен орындарын жерасты және үймелі шаймалау тәсілімен игеру кезінде ӨҚЕ ережелерін білу; • Электр талаптары бөлігінде ҚНжЕ; • Ұйымның бейіні, мамандануы және ұйымдық-технологиялық құрылымының ерекшеліктері, оның даму перспективалары; • Ұйым өнімдерін өндіру технологиясының негіздері; • Экономикалық қызмет түрінде және ұйымда өндірісті энергетикалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; • Жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі, өндірістік қуаттар, техникалық сипаттамалар, энергетикалық жабдықтардың, энергия пайдаланатын қондырғылардың конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс режимдері, оларды пайдалану қағидалары; • Жабдықтардың жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі мен әдістері; • Техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылыққа алынатын материалдар; • Монтаждау және жөндеуден кейін жабдықты қабылдау және тапсыру ережелері; • Энергетикалық жабдықты пайдалану, жөндеу және мрдернизациялау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары; • Отын-энергетикалық ресурстар шығысының нормаларын әзірлеу тәртібі; • Ұйымды электр энергиясымен, бумен, сумен және энергияның басқа да түрлерімен жабдықтауға шарттар жасасу тәртібі; • Өндірісті энергиямен қамтамасыз ету саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; • Экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; • Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Америка заңнамасы саласындағы білім.Қосымша:
• Компьютерде сенімді пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары, соның ішінде арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдана білу. • Ұйымдастырушылық қабілеттер; • Орындалған шешімдер үшін жауапкершілікті ала білу; • Қарым-қатынас құра білу;Білетін тілдер:
• Орыс тілі – еркін деңгейде меңгеру; • Қазақ тілі - еркін деңгейде меңгеру.Ұқсас вакансиялар
"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС энергия тиімділігі және ЖЭК басқармасының сарапшысы
ҚМГ Инжиниринг | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.03.2026 | 1039
түйіспелі торап ауданының электрмонтері
Шуская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Жамбыл облысы
10.03.2026 | 109
232966 - 245650
Өнімді ерітінділерді қайта өңдеуге қатысатын электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі Электромонтер, 4 разряд (ВАХТА емес)
РУ-6 | Еңбекпен толық қамтылу
| Бидайкөл а.
10.03.2026 | 32