«Ембімұнайгаз» АҚ кеніштік геология және кен орындарын игеру департаменті кеніштік геология және модельдеу бөлімінің жетекші геологы

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
222

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Техникалық тапсырмаға сәйкес Қоғамның кен орындарын гидродинамикалық модельдеу бойынша жұмыс жоспарының орындалу мерзімі мен сапасын бақылау;
  2. Құрылып біткен тұрақты жұмыс істейтін ГГДМ жүйелерін жедел жаңарту;
  3. ГГДМ нәтижелері негізінде мұнай және газ кен орындарын игеру мен қорларын есептеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау шеңберінде жобалық шешімдерді қарастыру және келісуге қатысу;
  4. Ұңғыманы геологиялық жүргізу бөлігінде көлденең ұңғымаларды бұрғылауды сүйемелдеу;
  5. ГГДМ, бұрғылаудың тиімділігі және ГТШ негізінде кен орындарын игеруді сүйемелдеу, ҚАҚ шоғырланған аймақтарды анықтау және негіздеу, бұрғылау картасын жасау, кен орындарын қосымша барлау жоспарын құруға қатысу.;
  6. Кен орындарын модельдеу саласындағы соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерді қадағалап, оларды Қоғамның кен орындарында енгізуге ықпал ету;
  7. Қоғамның жұмыс бағдарламасын және бюджетін қалыптастыруға қатысу;
  8. Қойылған нысандар мен көрсеткіштер бойынша басшылыққа уақтылы есеп беру;
  9. Департаменттің мақсаттары мен міндеттерінде көзделген және одан туындайтын өзге де міндеттер.


Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл (кәсіби салада немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда), оның ішінде кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеуде кемінде 3 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мұнай-газ саласында кемінде 5 жыл


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу;
  3. Қазақстан Республикасының «Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі;
  4. Кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеудегі озық тәжірибе;
  5. Игерудің соңғы кезеңдерінде кен орындарын пайдалануды түсіну және талдау;
  6. Ұңғымалық кеніштік деректермен жұмыс істей білу;
  7. ГТШ тиімділігін талдай білу;
  8. Жобалық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар және басқа да басшылық материалдар.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
  2. Іскерлік хат алмасу дағдыларына ие болу;
  3. Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint), Directum, Internet Explorer, Outlook, AutoCad, MS Project бағдарламаларында тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі дағдылар;
  4. Petrel, Eclipse, tNavigator, FracPro (немесе басқа) бағдарламаларымен тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі дағдылар.

 
Жұмыс шарттары:

Жұмыс орны: Атырау қ.
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру