«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғамның кеніштік геология және кен орындарын игеру департаменті кеніштік геология және модельдеу бөлімінің аға геологы

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
226

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Геолого-гидродинамикалық модельдер мен жобалық құжаттарға негізделген кен орындарын игеру жұмыстарын сүйемелдеу. Бұрғылау мен ГТШ тиімділігін (ҰКЖ, ҰГЗ) талдау, ОИЗ локализациясы аймақтарын анықтау және негіздеу, ГТШ жүргізу үшін ұңғымаларды таңдау;
  2. Компанияның кен орындарындағы ұңғымаларда ГТШ жүргізу жұмыстарын сүйемелдеуге қатысу;
  3. Мұнай мен газ кен орындарының қорларын есептеу және әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау шеңберінде жобалық шешімдерді қарастыру және келісу процесіне қатысу;
  4. ГРЖ/ КСГЖ жылдық жоспарын қалыптастыру, соның ішінде ұңғыманы ГРЖ-ға дайындаудан бастап, ГРЖ аяқталғаннан кейін ұңғыманы толық тапсыруға дейінгі барлық инженерлік сүйемелдеу;
  5. ГРЖ/ КСГЖ жұмыстарының сапасын және мерзімдерін техникалық тапсырмаға сәйкес бақылау;
  6. ГРЖ-мен байланысты келісім-шарттар бойынша құжаттарды әзірлеу және келісу;
  7. Қойылған нысандар мен көрсеткіштер бойынша басшылыққа уақтылы есеп беру;
  8. Департаменттің мақсаттары мен міндеттерінде көзделген және одан туындайтын өзге де міндеттер.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл (кәсіби салада немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда), оның ішінде ұңғымаларды гидравликалық жару (ГРЖ) жобалау және таңдау саласында кемінде 3 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мұнай-газ саласында кемінде 5 жыл


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Қазақстан Республикасының өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу;
  3. Қазақстан Республикасының «Табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі;
  4. ГРЖ жобалауы және таңдау саласындағы озық тәжірибе;
  5. Кен орындарын соңғы кезеңдерде пайдалануын түсіну және талдау;
  6. Кен орындарының геолого-гидродинамикалық модельдерімен жұмыс істеу дағдылары;
  7. ГТШ тиімділігін талдай білу дағдылары;
  8. Жобалық құжаттаманы ресімдеуге арналған стандарттар, техникалық шарттар және басқа да басшылық материалдар.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары пайдаланушы деңгейінде;
  2. Іскерлік хат алмасу дағдыларына ие болу;
  3. Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint), Directum, Internet Explorer, Outlook, AutoCad, MS Project бағдарламаларында тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі дағдылар;
  4. Petrel, Eclipse, tNavigator, FracPro (немесе басқа) бағдарламаларымен тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі дағдылар.

 
Жұмыс шарттары:

Жұмыс орны: Атырау қ.
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру