«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы Күрделі құрылыс қызметінің жетекші инженері
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) филиалдың күрделі құрылыс объектілерінің барлық жобалау – сметалық құжаттамаларын (сметаларын) әзірлеу бойынша жұмысты орындайды;
2) АВС бағдарламасы бойынша: сметаларды, күрделі құрылыс объектілері (ғимараттар, құрылысжайлар, құрылыстар) бойынша барлық жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді бақылайды;
3) құрылыс жобаларын әзірлеудің алдындағы жобалау алдындағы құжаттамаларды (СЖТ, инженерлік ізденістер, объектілерді зерттеу нәтижелері, жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылдау үшін қажетті өзге де бастапқы деректер)дайындайды;
4) жобалау ұйымдары жүзеге асыратын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуін қабылдауды, ЖСҚ сараптамасын жүргізуді және оны бекітуді жүзеге асырады;
5) қызмет бастығы мен БЖЭТФ басшылығының жеке тапсырмаларын орындайды.
6) күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдерінің, мерзімдері мен сапасының, сондай-ақ қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жұмыс сызбаларының, құрылыс нормалары мен қағидаларының, стандарттардың, техникалық шарттардың, еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сапасына сәйкестігін бақылайды;
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
8) құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысады;
- қосымша:
1) құрылыс ұйымдарының ақауларды, бітірмеген жұмыстарды белгіленген мерзімде жою сапасын бақылайды;
2) жыл бойы дайындалып жатқан тендерлер туралы, шарттар жасасу және шарттық міндеттемелерді орындау туралы мониторинг жүргізеді;
3) баға ұсыныстары бойынша конкурстар өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындайды және олар бойынша жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарттар жасайды.
4) қажет болған жағдайда құрылысқа жер учаскесін бөлуді, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсатты, объектіде жұмыстарды бастау туралы актіні ресімдей отырып, құрылыс алаңына рұқсатты ресімдеуді жүзеге асырады.
5) орындалған жұмыстардың көлемін тексеруді, сондай-ақ 2-нысан актісіне (осы Қағидаларға 1-қосымша), КС-3-нысан анықтамасына (осы Қағидаларға 2-қосымша) қол қоюды жүзеге асырады.
Талаптары:
– Бағыты бойынша тиісті мамандық бойынша жоғары білім Электр энергетикасы / Құрылыс.
- Электр энергетикасы және құрылыс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Сертификаттар: жетекшілік ететін қызмет мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
- MS Office, AutoCAD тәжірибелі пайдаланушысы.
- Қазақ, орыс тілдерін білу.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Атырау қаласы, М.Өтемісұлы көшесі, 110А
Түйіндемені беру мерзімі 2026 жылғы 12-16 наурыз аралығында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар