«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы адам ресурстарын басқару департаментінің Персоналды дамыту жөніндегі менеджері (15 грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Тәлімгерлер бойынша жұмыс жүргізеді, оларды бейімдеу бағдарламалары шеңберінде оқытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- тәлімгерлерді іріктеу, тағайындау және оқыту процесін сүйемелдейді, тәлімгерлердің корпоративтік кездесулері мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады;
- тәлімгерлердің жас мамандарды/тағылымдамашыларды бейімдеудің жеке жоспарларын орындауын бақылайды;
- тәлімгерлердің даму жоспарларын орындауын бақылайды;
- бейімделуден өту туралы жаңа Жұмысшылардың кері байланысын жинайды және талдайды;
- шаруашылық бойынша жазғы студенттік отрядтардың жұмысын жүргізеді;
- бөлу қажеттілігін дайындайды, бөлу бойынша жас мамандарды жұмысқа орналастырумен жұмыс жүргізеді;
- бейінді оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасайды;
- оқу орындарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасының/ жас мамандарды дамыту жөніндегі Жол картасының, тәлімгерлік бағдарламаларының, Жастар кадрлық резервінің, "жас темір" жас мамандарды дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді;
- кәсіптік бағдар беру және үгіт-насихат іс-шараларын (қонақ дәрістер, "Ашық есік күндері", студенттермен және оқушылармен кездесулер, кәсіпорындарда экскурсия өткізу)ұйымдастырады және өткізеді;
- кадр резервін/жастар кадр резервін, Дирекция тәлімгерлерін және үйлестірілетін филиалдар қызметкерлерін оқыту және дамыту үшін өткізілетін іс-шараларды ұйымдастырады;
- персоналды дамыту мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын, бағдарламаларын, ұсыныстарын әзірлейді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және/немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар