Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы Шымкент станциясының байланыс электромонтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Өзінің құзрының шегінде, күтімге алатын телімінің аумағындағы теміржол телімі бойынша поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;2. Күтімге алатын электр байланыс құрылғыларын білу, монтаждау және слесарьлық жұмыстарды істей алу, сонымен қатар қажетті құралдар мен құрал жабдықтарды пайдалана білу;
3. Біліктілігін жүйелі көтеру және еңбектің әдістерін жетілдіру, құрылғыларды күтімге алудың алдыңғы қатарлы әдістерін игеру және қолдану;
4. Бекітілген жоспар бойынша электрбайланыс құрылғыларын ТКА және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, құрылғылардың істен шығуын жою. ШЧ-ға бетітілген уақытта істен шығуды жою мүмкін болмаған жағдайда, тез арада электромеханикті хабардар ету, ал ол болмаған жағдайда аға электромеханикті немесе байланыс диспетчерін хабардар ету;
5. Электромеханиктің нұсқауы бойынша электрбайланыс құрылғыларын күтімге алу және жөндеумен байланысты жұмыстарды орындау;
6. Егер де істен шығуларды жою барысында жекеленген құрылғыларды (құралдар) ажырату қажет болған жағдайда электромеханиктің (аға электромеханиктің) немесе ШЧ ауысым инженерінен алдын ала рұқсат алуын қамтамасыз ету,
7. Электр байланыс құрылғыларының жұмысындағы анықталған барлық істен шығулар туралы ауысым инженеріне немесе электромеханикке, ал олар болмаған жағдайда аға электромеханикке баяндау;
8. Өзінің күтімге алатын телімінің шегінде арнайы бригадалармен немесе кәсіпорындармен жөндеу немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жұмыстарды орындау тәртібінің сәйкестігін бақылауға алу;
9. Күтімге алатын құрылғыларды қысқы жағдайларға және көктемгі су тасқыны жағдайларына уақытылы және сапалы дайындау;
10. Күтімге алатын теліміндегі құрылғылардың жұмысына әсерін тигізуі мүмкін әр табиғи апат жағдайынан кейін, электромеханиктің келісімі бойынша құрылғыларға кезектен тыс тексеру жүргізу және анықталған бұзушылықтапды жою;
Біліктілік талаптары:
1.Білімі: орта және бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
- Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс, Байланыс желісі және коммуникация жүйесі, Радиоэлектроника және байланыс.
- Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Озат)