Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы Бадам станциясының КТСМ электромеханигі

347984 - 368664
Шымкентская дистанция сигнализации и связи Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
19

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. өзінің құзіретінің шегінде, күтімге алатын теміржол телімінің шекарасы бойынша поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
2. бекітілген техникалық күтімге алудың жоспар-кестесі және басқа да жоспарлар бойынша жұмыстарды орындайды, электрмонтерлардың жұмысын ұйымдастырады және осы жұмыстардың орындалуының сапасын қадағалайды, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды, санитарлық ережелер мен нормаларды сақтай отырып КТСМ құрылғыларын техникалық күтімге алу және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу барысында поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
3. КТСМ құрылғыларының жұмысындағы істен шығу таралы хабарды алған жағдайда орын алған жағдайды анықтайды және оны жою үшін іс-шаралар қабылдайды, сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне және телімнің аға электромеханигіне қабылданған шаралар туралы баяндайды, қажет болған жағдайда көмек сұрайды. Істен шығуды жойғаннан кейін КТСМ құрылғыларын техникалық күтімге алу және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу барысындағы поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша енұсқаулықтың талаптарына сәйкес  Тексеру журналына жазба жазады және сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне және телімнің аға электромеханигіне істен шығудың уақыты және себебі туралы хабар береді;
4. тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді, теміржол көлігі нысандарынан жүктердің және материалдық құндылықтардың ұрлануы орын алған жағдайда тез арада байланыс диспетчерін хабардар ету;
5. КТСМ құрылғыларының жұмысқа жарамды күйінің бұзушылығына әкелген немесе қалыпты жұмысына қауіп төндіретін табиғат апаттары орын алғанда, бұл туралы тез арада  сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне немесе жоғары тұрған басшыларға хабар береді және КТСМ құрылғыларының істен шығуының алдын алу үшін іс-шаралар қабылдайды;
6. табиғат апаттары орын алғаннан кейін КТСМ құрылғыларына кезектен тыс тексеру немесе жұмысқа жарамдылығына тексеру жүргізеді; КТСМ құрылғыларын тексеру немесе қарап шығудың қажеттілігін, тәртібін және кезегін  сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчері арқылы сигнализация және байланыс дистанциясының басшысымен келіседі;
7. КТСМ құрылғыларын тексеруінің өткізілуіне қатысады және өзінің теліміндегі құрылғылар-дағы анықталған кемшіліктерді тез арада немесе бекітілген мерзімде жояды. Анықталған кемшіліктерді өзі сол күні немесе бекітілген мерзімде жою мүмкін болмаған жағдайда, сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне бақылау үшін немесе көмек көрсету үшін бұл туралы хабар береді.
8. Бекітілген телімдегі КТСМ құрылғыларын қысқы мерзімдегі жұмыстарғадайындау бойынша жұмыстарды уақытыл және сапалы орындайды, күтімге алатын КТСМ құрылғыларын сенімділігін көтеру, жөндеу және ауыстыру және қысқы мерзімдегі жұмыстарға дайындау бойынша іс-шараларды жасау үшін ұсыныстарын аға электромеханикке ұсынады; 
9. арнайы бригадалармен несесе құрылыс бригадаларымен, құрылыс ұйымдарымен, өзінің телімінде жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуін және сапалылығын бақылауға алады, орындалған жұмыстарды қабылдап алуға қатысады.
10. Күтімге алатын КТСМ құрылғыларының техникалық құжаттарын тәртіпте және тізім бойынша ұстайды, қолданыстағы КТСМ құрылғыларын бекітілген техникалық құжаттарға сәйкес болуын қамтамасыз етеді;

Біліктілік талаптары:

1.Білімі: жоғары, кәсіптік орта, арнайы орта, бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
2. Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс. Радиобайланыс және хабар тарату. Теміржол көлігіндегі радиобайланысты және сигнал беруді пайдалану. Автоматизация және басқару. Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика и қозғалысты басқару. Байланыс желісі және коммуникациялар жүйесі. Радиоэлектроника және байланыс.
3. Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды; білімі кәсіптік орта болғанда электромонтер қызметі бойынша еңбек өтілі кем дегенде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)