Энергетика тобының инженері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
121

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • АЭС-тің тарату құрылғыларының электрлік сұлбалары, электр жабдықтары және коммутациялық аппараттары бойынша жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы дайындау үшін бастапқы деректерді әзірлеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес АЭС-тің электр жабдықтары мен коммутациялық аппараттарын таңдауды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне (ҚР БЭЖ) АЭС қуатын беру сұлбасының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жобалық шешімдерді біріздендіру бөлігінде Серіктестіктің техникалық саясатын қалыптастыруға қатысады;
  • Электр энергетикасы объектілері бойынша техникалық және жобалық құжаттаманы дайындауға және талдауға қатысады, оның ішінде құжаттаманың толықтығы мен өзектілігін тексереді;
  • Электр энергетикасы жобаларын іске асыру мәселелері бойынша энергетикалық компаниялармен, жүйелік оператормен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруге қатысады;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу тетіктерін және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
  • АЭС-ті ҚР БЭЖ желілеріне, қажет болған жағдайда өңірлік электр желілеріне (РЭС, РЭК және т.б.) қосуға арналған техникалық шарттарды алуға қатысады, сондай-ақ жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары барысында техникалық талаптар мен шарттардың барлық тармақтарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады (қажет болған жағдайда ҚР БЭЖ/РЭК/РЭС тарапында да);
  • Лауазымдық міндеттерінің бейіні бойынша қажетті анықтамаларды, талдамалық материалдарды, баяндамалар мен презентацияларды дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Энергетикалық жобаларды іске асыру шеңберінде жобалық құжаттаманы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, мердігерлік және жобалау ұйымдарымен өзара әрекеттеседі;
  • Серіктестіктің халықаралық ынтымақтастығына қатысты талдамалық материалдарды бағалайды және электр энергетикасы мен энергетикалық технологиялар саласында оны дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды.

Талаптар:

  • Энергетика және/немесе инженерия (электр энергетикасы) бағыты бойынша жоғары кәсіби білім.
  • Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы семинарлар немесе курстарды аяқтағаны туралы сертификаттың болғаны жөн.
  • Кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңдарын білу.

Жұмыс шарттары:

5/2 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)