«KEGOC» АҚ Жобалау кеңсесінің менеджері

от 461702 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
65

Қаралған саны:
539

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Қордың Бірыңғай жобаларды басқару жүйесінің стандарттарына сәйкес ірі және маңызды жобалар бойынша құжаттарды әзірлейді, сондай-ақ бастамашымен бірлесіп ірі және маңызды капиталдық жобаларды іске асырудың әрбір келесі кезеңіне арналған Жобаны басқару жоспарын дайындайды.
  2. Құжаттар пакетін келісіп, бекіту үшін басшылыққа ұсынады, сондай-ақ жобаның деңгейіне байланысты негізгі параметрлерін бекіту және жобаның өмірлік циклінің келесі кезеңіне өту туралы шешім қабылдау үшін Қордың Басқармасына, Директорлар кеңесі жанындағы комитетке, Директорлар кеңесіне, ИСК-ке және салалық дирекциясына қарауға енгізеді.
  3. Жобаны іске асырудың барлық кезеңдері үшін жобалық команданың құрамын қалыптастыруды, өзектендіруді және келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ жобалық команда мүшелеріне әдіснамалық қолдау көрсетеді.
  4. REVEX жобалары шеңберінде серверде жоба құжаттарының сақталуына мониторинг жүргізеді және оларды өзектендіреді.
  5. Жобалар бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады, жобаның кезеңдері арасындағы өту құжаттарын басшылықпен келіседі.
  6. Жобалар бойынша құжаттаманы сақтау процесін ұйымдастырады.
  7. Қабылданған есептілік регламенттері шеңберінде іске асырылып жатқан және перспективалық жобалар бойынша ай сайынғы есептерді қалыптастырып, Қорға жолдайды және олардың мониторингін жүргізеді.
  8. Жобалық команда басшылары мен мүшелерін тарта отырып, іске асырылған ірі және маңызды капиталдық жобалар бойынша ретроспективалық есепке арналған ақпаратты жинауға қатысады.
  9. Басқарудың ақпараттық жүйесінде жобалар портфелін қалыптастыруға қатысады, атрибуттардың берілуін, мәртебесін, бизнес-бастамалар мен жобалардың кезең-кезеңімен жобалар тізбесіне енгізілуін тексереді, портфельдегі жобалардың негізгі параметрлеріне мониторинг жүргізеді.
  10. «KEGOC» АҚ-ның жобалық басқару шеңберіндегі ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге және/немесе өзектендіруге қатысады.
  11. «KEGOC» АҚ-да портфельдік тәсілді енгізу және жобаларды басқару бойынша әдіснамалық базаны басқаруды және білімді жинақтауды жүзеге асырады.
  12. Түскен сұрауларға, тапсырмаларға және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жобалар портфелі мен жобалар бойынша есептілік талаптарына сәйкес Компания жобаларын іске асыру туралы есептілікті және ақпаратты «Самұрық-Қазына» АҚ-на, министрліктерге және басқа да ведомстволарға ұсынады.

Талаптар:

Білімі: Бизнес және басқару бағыты бойынша жоғары білім.

Техникалық және/немесе экономикалық саладағы жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жұмыс және/немесе техникалық және/немесе экономикалық саладағы жобаларды басқару тәжірибесі:

  • 3 жыл («Жас-Өркен» бағдарламасы бойынша кандидаттарды қоспағанда).

Лицензиялар, сертификаттар:

  • Жобаларды басқару бойынша сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар:

  • жобаларды басқару саласында қосымша білімнің немесе оқу курстарының болғаны жөн;
  • жобалар мен жобалар портфелін мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйелерді пайдалану және оларды толтыруды білу;
  • хат алмасуға және құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде қазақ тілін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • жобаларды басқару саласында кәсіби білім;
  • жобаларды мониторингтеудің ақпараттық жүйесін пайдалану дағдылары;
  • жобалар бойынша құжаттарды әзірлеу дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламаларын тәжірибелі деңгейде пайдалану.

 

          Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 19 наурызға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті қабілеттер

  • *Управление проектами