«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының жетекші бухгалтері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
27

   Конкурс туралы
Бос жұмыс орны
 
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының жетекші бухгалтері»
 

Лауазымдық міндеттері:

1) еңбекақы бойынша есеп айырысу бөлігінде персоналмен өзара есеп айырысулардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

2) бухгалтерлік есеп учаскесі бойынша бастапқы құжаттаманы, оның ішінде бағалау есептеулері бойынша құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады;

3) бухгалтерлік есептің сеніп тапсырылған учаскесі бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында сапалы және уақытылы көрсетеді;

4) жетекшілік ететін сала бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жұмыс уақытының теңгерімін есепке алу үшін жауапты тұлғалар ұсынған деректердің дұрыстығын бақылайды;

5) есептік кезеңдерді жабуға қатысады: ақпаратты қабылдау және жинақтау

6) «KEGOC» АҚ-ның қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес демалыстар резервін, сыйлықақылар және басқа да сыйақыларды есептейді;

7) актуарлық есептерді есепке алуды жүзеге асырады;

8) қызметкерлерге еңбекақыны, өзге де төлемдерді және олардан ұстап қалуды есептеу мәселелері бойынша анықтамалар береді;

9) Жалақыдан және ЕҚТ-дан есептелетін салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді ұстап қалуды жүргізеді;

10) бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректері негізінде салық тіркелімдері мен жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары бойынша декларацияларды уақтылы жасауды және олардың белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді;

11) әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға (зейнетақы қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры және т.б.) салықтарды аудару бойынша кредиторлық берешекті қалыптастырады;

12) тікелей басшыға филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу үшін бухгалтерлік есептің тиісті бөлімі бойынша салыстырмалы және сенімді бухгалтерлік ақпарат береді;

13) есепке алу құжаттарының сақталуын қадағалайды, оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру үшін дайындайды;

14) жетекшілік ететін есепке алу учаскесін жыл сайынғы жоспарлы түгендеуге қатысады;

15) бухгалтерлік есеп персоналының ай сайынғы жұмыс уақытының кестесін жасайды;

16) есептік кезеңдерді жабуға қатысады: ақпаратты қабылдау және жинақтау

17) бюджеттік және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуларды есепке алуды және талдауды жүзеге асырады, салааралық айналымды есепке алады және жетекшілік ететін бухгалтерлік есеп бөлімі бойынша салыстыру есептерін келіседі;

18) Бухгалтерия қызметінің мәселелері бойынша ішкі және сыртқы қызметтермен хат алмасуды жүргізеді;

19) жетекшілік ететін бағыт бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті ай сайын талдауды жүзеге асырады;

20) филиалдың Атқарушы дирекциясының және құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша жетекшілік ететін есепке алу саласы бойынша ақпаратты ұсынады;

21) қаржылық есептілікті жасау үшін белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептің тиісті бөлімі бойынша деректерді дайындайды;

22) Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне персоналмен есеп айырысуларды есепке алу жөніндегі жетекші бухгалтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

23) жетекшілік ететін есепке алу саласы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық есептілік нысандарын дайындайды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;

24) өзінің тікелей басшысының жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.

25) бухгалтерлік есеп процестері бойынша оған бекітілген процедуралар мен пайдаланушы нұсқауларын жетілдіреді және жаңартады;

Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары / жоғары оқу орнына кейінгі

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Бизнес және басқару, Экономика, Есеп және аудит, Қаржы

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Қаржы-бухгалтерлік салада

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

жетекші бухгалтері лауазымында 2 жылдан кем емес және/немесе бухгалтер лауазымында 3 жылдан кем емес

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

 

-

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

• ҚР бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын білу;

• Салалық заңнаманы білу;

• Салық органдары мен басқа да бақылаушы органдардың тарапынан тексерулерден өту тәжірибесі;

• Дәлдік және ұқыптылық;

• Командада жұмыс істей білу дағдылары – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және  белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

• Кәсібилік (адалдық, әділдік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

• Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесі.

Лицензиялар, сертификаттар

ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес міндетті сертификаттардың болғаны жөн: Қазақстанның кәсіби бухгалтері.

Қосымша талаптар

·     MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·     Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау  20.03.2026ж дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)