«KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы Теңгерімдер және қысқа мерзімді жоспарлау қызметі тәуліктік графиктің орындалуын мониторингтеу тобының жетекші инженері (ішкі және сыртқы конкурстар)
от 562100 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттері:
- Қазақстанның энергия нарығы субъектілерінің өткен тәулік және жинақталған қорытынды бойынша тәуліктік кестенің орындалуына жедел бақылау жүргізеді;
- «Қазақстан БЭЖ жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері» бағдарламасында жоспарлы жеткізілімдер бойынша есептеулер жүргізеді;
- өткен тәулік және жинақталған қорытынды бойынша электр энергиясының мемлекетаралық ағындары жөнінде жедел есепті құрастырады;
- Қазақстан Республикасы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынуы жөнінде жедел есепті құрастырады;
- Қазақстан Республикасы электр станциялары бойынша жедел теңгерімді құрастырады;
- өткен тәулік және жинақталған қорытынды бойынша филиалдар бөлінісінде шығындар жөнінде жедел есепті құрастырады;
- барлық жедел түзетулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы энергия нарығы субъектілерінің өткен тәуліктегі жұмысы туралы рапортты қалыптастырады;
- қуат нарығын сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- цифрлық майнерлерді бақылау және есепке алуды жүргізеді (тұтыну, оның ішінде жеткізушілер бөлінісінде, саны және т.б.);
- Қызмет құзыретіне кіретін Филиал басшылығының тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
Жоғары білім: электроэнергетика/бейінді электроэнергетикалық/ жылуэнергетика
Электроэнергетика саласындағы жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл
Лицензиялар, сертификаттар: электр қауіпсіздігі бойынша II топ
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Электроэнергетика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде білу;
- командада жұмыс істеу дағдылары, коммуникабельділік;
- кәсібилік (адал және ұқыпты жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген еңбек міндеттерін сапалы, уақтылы және нәтижелі орындау);
- MS Office бағдарламаларын тәжірибелі пайдаланушы;
- құжат айналымы жүйесі арқылы келіп түсетін мемлекеттік тілдегі ақпаратты құжаттың мәнін және негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдау, лауазымдық міндеттерін орындауға жеткілікті деңгейде.
Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 25 наурызға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті қабілеттер
- электорэнергетика
Ұқсас вакансиялар
"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Астана электрмен жабдықтау дистанциясын электрлендіру бөлімінің жетекші инженері
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.03.2026 | 786
416848 - 431506
Специалист по оказанию услуг
«Energy Solutions Center» ЖШС – «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.03.2026 | 536
Инженер сметчик
«Семей Энерго» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
16.03.2026 | 2359