«KEGOC» АҚ «Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер» филиалының Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесін дамыту қызметі жетекші инженер (уақытша бос жұмыс орын)

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
213

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • ЭЭТНЖ үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • жаңа функционалдың әзірленуін және ЭЭТНЖ пайдаланушыларына сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  • ЭЭТНЖ дамыту және сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асыру;
  • тестілеуге, қабылдау-тапсыру жұмыстарына және жаңа шешімдерді енгізуді сүйемелдеуге қатысу;
  • техникалық құжаттаманы, пайдаланушы нұсқаулықтарын, техникалық қолдауды және персоналды оқытуды дайындау;
  • ЭЭТНЖ функционалын пысықтау, кеңейту немесе оңтайландыру бөлігінде пайдаланушылар мен реттеушілердің бизнес-талаптарын жинауды, талдауды және келісуді қамтамасыз ету;
  • ЭЭТНЖ -дағы өзгерістерді іске асыру үшін техникалық тапсырмаларды, ерекшеліктерді, архитектуралық шешімдерді және жобалық құжаттаманы қалыптастыру және келісу;
  • жобалау, тестілеу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу кезеңдерін қоса алғанда, ЭЭТНЖ жаңғырту және дамыту жөніндегі жұмыстардың орындалуын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • қабылдау-тапсыру сынақтарына қатысуды қамтамасыз ету және өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде енгізілген шешімдерді сүйемелдеуді жүзеге асыру;
  • «KEGOC» АҚ архитектурасына сәйкестігі тұрғысынан мердігерлік ұйымдар ұсынған архитектуралық шешімдердің сараптамасына қатысу;
  • мердігерлік ұйымдар тарапынан, оның ішінде мерзімдері, сапасы бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
  • іс-шаралардың техникалық және қаржылық негіздемесін қоса алғанда, ЭЭТНЖ -ны жаңғырту мен дамытудың жоспар-кестелерін қалыптастыруға қатысу;
  • бағдарламалық жасақтама компоненттері нұсқаларының өзектілігі мен дәйектілігін бақылауды, сондай-ақ өзгерістер журналын жүргізуді қамтамасыз ету;
  • сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен ЭЭТНЖ интеграциясына қатысу, интерфейстерді тестілеуді және құжаттауды қамтамасыз ету;
қызметкерлер мен пайдаланушыларды жаңа функционалдық мүмкіндіктерге оқытуды жүзеге асыру, нұсқаулықпен таныстыру және пайдалану нұсқаулықтарын шығаруды ұйымдастыру;

Талап:

  • бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклін (SDLC) және оның даму метологиясын (Waterfall, Agile, Scrum және Kanban) түсіну;
  • бағдарламалық жасақтаманы жобалау негіздерін және ақпараттық жүйелердің архитектурасын түсіну;
  • мүдделі тараптардың талаптарын жинау және талдау дағдылары;
  • тапсырмаларға талаптар қою және ыдырату дағдылары;
  • процестерді әрлеу құралдарымен (BPMN, UML)жұмыс істеу дағдылары;
  • талаптарды және жобаларды басқару құралдарымен (Confluence, Jira) жұмыс істеу дағдылары;
  • әзірлеу және тестілеу кезінде қолданылатын ақпараттық қауіпсіздік негіздерін білу (құпиялылық, тұтастық, қолжетімділік);
  • мәліметтер базасының түрлерін және оларды қолдану салаларын білу;
  • мәліметтер базасын ұйымдастыру модельдерін білу;
  • SQL сұрау тілін және оның процедуралық кеңейтімдерін білу;
  • UX/UI әзірлеу негіздерін білу;
  • жұмыс принциптерін білу және интеграцияны дамыту дағдылары (REST API, SOAP);
  • тестілеуді өткізу білімі мен дағдылары;
  • код нұсқаларын басқару жүйелерін (Git)пайдалану тәжірибесі;
  • командада жұмыс істеу дағдылары;
  • жобаларды / бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі;
  • сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
іскерлік хат алмасу дағдылары.

Шарттары:

  1. Жұмыс кестесі: 5/2 (демалыс күндері жұмысқа шығуға болады)
  2. Толық әлеуметтік пакет
  3. Бос орын орналасқан: Астана қаласы, Тәуелсіздік 59
 08: 00 - ден 12:00-ге дейін

Жоғары, Инженерлік және инжиниринг/Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Жаратылыстану, математика және статистика бағыты бойынша техникалық білім.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)