Әкімшілік департаментінің директоры (негізгі қызметкер болмаған кезеңге)

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
150

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

1) Департаменттің жұмысын жиһазбен, электр аспаптарымен және қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету бөлігінде уақтылы ұйымдастырады;

2) Департаменттің негізгі құралдардың, тауар-материалдық қорлардың сақталуы, уақтылы жөндеу және белгіленген тәртіппен есептен шығару бойынша бақылау орнату жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

3) ҚБ бюджетін қалыптастыру, сатып алуды жоспарлау, шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Қорларды тиімді басқаруды, Қоғамның үздіксіз қызметін қамтамасыз ету процесін қамтамасыз етеді;

5) Өкілдік шығыстарға бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ іссапарға жіберілген қызметкерлер үшін тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстарды бақылайды;

6) Қоғамның іссапарға жіберілген қызметкерлерін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру процесін үйлестіреді;

7) Өкілдік шығыстарға арналған процестер мен шығыстарды оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға бақылау жасайды;

8) Департамент қызметкерлерінің жеке істерін одан әрі қалыптастыру үшін жазбаша танысуды талап ететін Қоғамның ІНҚ-мен танысуын қамтамасыз етеді;

9) Департамент қызметкерлерінің жеке даму жоспарларының орындалу тиімділігін бағалайды;

10) Департамент қызметкерлерінің аралық қорытындылар бойынша мақсаттар карталарын бағалайды;

11) Департаменттің Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауын бақылайды;

12) Департаменттің Бизнес-процесс картасын уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді;

13) Департамент қызметкерлерінің Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

14) Жетекшілік ететін баптар бойынша бекітілген Сатып алу жоспарының (СЖ), қызметтерді сатып алуға немесе тауарларды жеткізуге арналған шарттардың орындалуын, сондай-ақ олар бойынша ақы төлеуді тұрақты бақылайды;

15) Еншілес және тәуелді ұйымдардың (бұдан әрі – ЕТҰ) басшы қызметкерлермен департаменттің құзыретіне кіретін әкімшілік – шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

16) Оқиғалар мен залалдардың шоғырландырылған дерекқорына тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшеге ақпарат бере отырып, ЕТҰ-ның оқиғалар мен залалдар дерекқорын қалыптастыруды бақылайды;

17) Департамент құзыреті шеңберінде ЕТҰ-дағы тауар-материалдық қорлар көлемінің мониторингі процесін үйлестіреді.

18) ЕТҰ-дағы автокөлік құралдарын уақтылы ағымдағы және күрделі жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді бақылайды;

19) Қоғамның ТЖҚ әлеуетті өнім берушілерінің тендерлік құжаттамасының талаптарға сәйкестігін айқындауға арналған сараптауға қатысады (қажет болған жағдайда);

20) Департамент құзыреті шеңберінде Басқарманың қарауына шығарылатын мәселелер бойынша келісілген материалдарды дайындауды және Басқарма хатшысына ұсынуды қамтамасыз етеді

21) Қоғамның құжаттамалық қамтамасыз етілуін, мұрағат ісінің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін басқарады және бақылайды.

22) Құжаттармен жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен Қоғамда құжаттаманы басқаруды үйлестіреді

23) Қоғамда тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша жұмысты ұйымдастырады және мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді

24) Қоғам құжаттарының ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне аударылуына бақылау жасайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіби білім (экономикалық /қаржылық, заң, гуманитарлық).
Өндірісті қамтамасыз ету, сатып алу саласында сертификаттары болғаны жөн.

Кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі -кемінде 5 жыл. Қызметтің функционалдық бағыты шеңберінде Қоғамда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар Кадр резервінде тұрған қызметкерлерді және ішкі кандидаттарды қоспағанда, басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі - кемінде 3 жыл

Үй-жайларды пайдалану қағидалары, еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасы сияқты Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құжаттарды білу.

Қоғамның жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын қалыптастыру және мониторингілеу дағдылары

Еншілес компаниялардағы әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету процесін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу дағдылары

Материалдық қорларды бақылау және басқару дағдылары

Негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға және шығыс материалдарына түгендеу жүргізу дағдылары.

Бюджеттерді қалыптастыру қағидаларын, әсіресе өкілдік және шаруашылық шығыстар, тауар – материалдық қорларға арналған шығыстар бөлігінде білу

Тауарлар мен қызметтердің бағаларын маркетингтік зерттеу тәртібін білу

Ресми іс-шараларды, бизнестегі қоғамдық оқиғаларды ұйымдастыру тәжірибесі: конференциялар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар, кездесулер

Корпоративтік басқару негіздерін білу

Ауызша және жазбаша коммуникация негіздерінің дағдылары

Қажетті қабілеттер

  • Навыки формирования и мониторинга годового и долгосрочного плана закупок Общества
  • Навыки контроля и управления материальными запасами
  • Навыки основ устной и письменной коммуникации
  • Знание порядка маркетинговых исследований цен на товары и услуги
  • Знание основ Корпоративного управления

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман