«KEGOC» АҚ Ақпараттық технологиялар департаменті АТ архитектура бөлімінің АТ-инфрақұрылым архитектурасы бойынша бас менеджері

от 658400 KZT
«KEGOC» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

 

  1. Компанияның IT-инфрақұрылымының мақсатты архитектурасын киберқауіпсіздікті ескере отырып жобалауға қатысады;
  2. Қолданыстағы IT-архитектураға әсерін және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, IT-инфрақұрылым бөлігінде жобаларды пысықтауға қатысады;
  3. Жаңа жобалар бойынша талаптарды әзірлеу кезінде өзгерістерді басқару процестері шеңберінде IT-инфрақұрылым архитектурасының тұтастығын сақтауға жалпы бақылау жүргізеді;
  4. Киберқауіпсіздікті ескере отырып, есептеу техникасына және деректер мен ақпаратты беру хаттамаларына қойылатын стандарттар мен талаптарды айқындайды;
  5. Перспективалы жаңа технологиялар мен киберқауіпсіздік талаптарын ескере отырып, IT-инфрақұрылым архитектурасын дамыту тұрғысынан талдау жүргізеді;
  6. Инфрақұрылым және киберқауіпсіздік талаптары бөлігінде техникалық тапсырмалар мен техникалық спецификацияларды әзірлеуге қатысады;
  7. IT-жобаларды іске асыру барысында архитектуралық бақылау жүргізеді, әзірленетін шешімдердің бекітілген архитектураға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  8. «KEGOC» АҚ-ның IT-инфрақұрылым архитектурасының қолданбалы архитектурамен, деректер архитектурасымен және бизнес-процестер архитектурасымен сәйкестігін қамтамасыз етеді;
  9. Өз құзыреті шеңберінде ITК дамыту бағдарламасын әзірлеуге/жаңартуға және іске асыруға қатысады;
  10. IT-инфрақұрылым архитектурасы бөлігінде регламенттерді, стандарттарды және әдістемелік құжаттарды әзірлейді және өзектендіреді;
  11. Интеграциялық архитектураны жобалау кезінде реттеуші талаптарды, ішкі саясаттар мен корпоративтік стандарттарды ескеруді қамтамасыз етеді;
  12. IT-инфрақұрылым архитектурасын жетілдіру бойынша жобаларды басқарады, оның ішінде жоспарлау, үйлестіру және жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  13. Жобалық құжаттаманы, техникалық тапсырмаларды, архитектуралық шешімдерді және техникалық спецификацияларды әзірлейді және келіседі;
  14. Маркетингтік талдау жүргізеді және Компанияда IT-ды дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;
  15. Бөлім қызметі шеңберінде жылдық бюджетті қалыптастыруға, түзетуге және оның орындалуын мониторингтеуге қатысады;
  16. Тендерлік құжаттаманы қалыптастыруға қатысады, сараптамалық қорытынды дайындайды, өз құзыреті шеңберінде тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу бойынша сараптамалық комиссияға қатысады;
  17. IT-жобаларды іске асыруды басқару бойынша сыртқы IT-қызмет жеткізушілермен операциялық өзара іс-қимылды ұйымдастырады және үйлестіреді;
  18. Өз учаскесіндегі тәуекелдерді анықтайды және сипаттайды, оларды төмендету бойынша шараларды бастамалайды және сүйемелдейді, тәуекелдердің мәртебесін тұрақты түрде жаңартып, қажет болған жағдайда басшылыққа эскалациялайды;
  19. «KEGOC» АҚ Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тәуекел-үйлестіруші функцияларын орындайды;
  20. Бөлім қызметі шеңберінде есептерді, талдамалық материалдарды және өкімдік құжаттарды дайындайды;
  21. Өз құзыреті бойынша кеңестерге, семинарларға қатысу үшін материалдар дайындайды және қатысады.

 

 

Талаптар:

 

  • Жоғары білім келесі бағыттар бойынша: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, бизнес және басқару, құқық;
  • Ақпараттық технологиялар саласы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл;
  • Лицензиялар, сертификаттар: қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша сертификаттардың болғаны жөн;

Қосымша талаптар:

  • Тілдерді білу: орыс, қазақ; ағылшын тілі — құпталады.

 

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

 

  • Жоғары коммуникациялық дағдылар, келіссөздер жүргізу тәжірибесі;
  • Презентацияларды әзірлеу және өткізу дағдылары;
  • Қолданбалар архитектурасын және интеграцияларды жобалау/әзірлеу саласында білім мен тәжірибе;
  • IT саласындағы жобаларды басқару қағидаттары мен әдіснамасын білу;
  • Аналитикалық дағдылар (талдау, бөлшектеу және қорытындылау);
  • Қолданбалар архитектурасы мен интеграциялар саласындағы озық және халықаралық тәжірибелерді білу.

 

          Түйіндемені қабылдау 2026 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) жүзеге асырылады.