Бас механик-инженер ЛПДС "Бейнеу"
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.Міндеттері:
-
1) механикалық-технологиялық жабдықтың (әрі қарай - МТЖ) жұмысын қамтамасыз ету және оның техникалық жағдайын сақтау, соның ішінде насос, клапан арматурасы, желдету жүйелері, дизельдер, жүк көтергіш механизмдер және т.б. жабдықтарды пайдалану және қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және экология бойынша қолданыстағы нормалар, стандарттар мен нұсқаулықтарды сақтау. Жұмыс орындарында нұсқаулықтар, плакаттар, қауіпсіздік белгілері, ескертпе жазбалар және басқа да насихат құралдарының болуы;
2) техникалық қызмет көрсету және жабдықты жөндеу кестелерін (ТҚЖ) орындауды қамтамасыз ету, кестеде қарастырылмаған жұмыстарды механик қызметі немесе өндірістік қызмет көрсету базасының (әрі қарай - ПҚБ) жөндеу қызметі арқылы орындау, қолданыстағы жетекші және нормативтік құжаттарға сәйкес техникалық, технологиялық құжаттаманы жүргізу;
3) техникалық қызмет көрсету және жабдықты ағымдағы жөндеуді бекітілген кестеге сәйкес уақтылы және сапалы орындау, орнатылған жабдықты есепке алу, апталық және айлық өндірістік жұмыс жоспарларын құрастыру және оларды белгіленген мерзімде орындау;
4) жабдықтың пайдалану нәтижелерін бағалау, механикалық-технологиялық жабдықтың жөндеу аралық жұмыс кезеңін ұлғайту бойынша шараларды жүзеге асыру, механикалық-технологиялық жабдықтың техникалық диагностика кестесін әзірлеуге қатысу және механикалық-технологиялық жабдықтың диагностикасын уақтылы жүргізуді бақылау, осы негізде жөндеу немесе ауыстыру жоспарларын құрастыру, қажетті техникалық және жөндеу құжаттамасын, жабдықтар мен құрылыстардың паспорттарын жүргізу және сақтау;
5) жабдықтың істен шығу себептерін талдау, жоспардан тыс тоқтап қалуды қысқарту және пайдаланылатын жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша қажетті шараларды қабылдау;
6) механикалық-технологиялық жабдықты пайдалану кезінде ЛПДС-те жүргізу үшін қажетті техникалық құжаттаманың бекітілген тізіміне сәйкес құжаттаманы жүргізу, механикалық-технологиялық жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету және күзгі-қысқы кезеңге жұмысқа дайындау бойынша бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, орындалған жұмыс бойынша есептерді ұсыну;
7) Басқару қызметтеріне қажетті ақпарат пен есептілікті белгіленген мерзімде ұсыну, жабдық, материалдар, қосалқы бөлшектер сатып алу үшін өтінімдер құрастыру;
8) жұмысшылардың білімдерін тексеру кестелерін құрастыру және жұмысшылардың білімдерін тексеру комиссиясының жұмысына қатысу, жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулық әзірлеу, қызмет көрсету кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізу;
9) механикалық-технологиялық жабдықтың құрылысын, күрделі және ағымдағы жөндеуін техникалық бақылауды жүзеге асыру, жұмыстарды қабылдауға қатысу және жаңа жабдықтың, модернизация мен тиімділігі төмен жабдықты жоғары өнімді жабдықпен ауыстыру бойынша тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеу;
10) қызметкерлердің еңбек заңнамасын, еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбек тәртібі ережелерін сақтауды қамтамасыз ету. Қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық тексеруден (АПМ) өтуін қамтамасыз ету. Жұмысшыларды өндірістік оқытуды жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша талаптарын орындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша талаптарын сақтай отырып, жұмыстарды ұйымдастыру;
Талаптар:
- сәйкес білім беру бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
- инженер немесе механик лауазымында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі
Шарттар:
-
Біз Маңғыстау облысының тұрғындары арасында конкурс өткізілетінін қосымша хабарлаймыз. Егер жергілікті еңбек нарығында сәйкес келетін кандидаттар болмаса, екінші кезекте басқа өңірлерден кандидаттар қарастырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар