"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Атырау магистральдық желі бөлімшесі"филиалының маршруттық парақтарын есептеу және өңдеу секторының Инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Жетекшілік ететін сұрақтар шеңбері бойынша жұмыс топтары мен кеңестерге қатысады;Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша негізгі деподан шыққан кезде ББ-дан (бақылау бекетінен) өткен сәттен бастап төленетін локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша негізгі депоға кірген кезде ББ-дан (бақылау бекетінен) өткен сәтке дейінгі төленетін локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша локомотивті алдыңғы локомотив бригадасы тапсырған сәттен бастап төленетін локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша қызмет көрсету кезінде локомотивте техникалық ақаулық пайда болған жағдайда төленетін локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша қызмет көрсету кезеңінде локомотивтің депо жолдарында болу локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша локомотивтің станциялық жолдарда болу локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша локомотивтің кірме жолдарда болу локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша төленетін жалпы локомотив-сағат санын анықтайды;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинистің маршруты бойынша ТЧЭ ОЕСО-мен (Пайдалану локомотив депосының Орталықтандырылған есепке алу есеп айырысу бөлімімен) төлемге ұсынылатын локомотив-сағат санының дұрыс есептелуін салыстырып тексереді;
Шаруашылық қозғалыс түріндегі машинист маршрутының нақты деректерін БОЕО (Бас есептеу орталығы) бағдарламалық жасақтамасының № 399 макетіне енгізуді жүзеге асырады;
НЖС (Теміржол желісінің бөлімшесі) бойынша жалпы пайдалану локомотив деполары бойынша жеке бөле отырып, шаруашылық қозғалыс түрі бойынша көрсетілген локомотив тарту қызметтерінің жиынтық Тізілімдерін жасайды;
НЖС бойынша жалпы есептеу әдісімен шаруашылық қозғалыс түрі бойынша көрсетілген локомотив тарту қызметтерінің жиынтық Анықтамаларын жасайды;
ТЧЭ ОЕСО-мен бірлесіп, шаруашылық мұқтаждықтар жұмыстарын өндіру үшін локомотив тарту қызметтерін ұсыну бойынша Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) Актісін жасайды;
НЖС бойынша жалпы тарту түрлеріне бөле отырып, шаруашылық мұқтаждықтарға арналған локомотив тарту қызметтерінің жиынтық тізілімін қалыптастырады;
НЖС бойынша жалпы пайдалану және күрделі жөндеуге бөле отырып, шаруашылық мұқтаждықтарға арналған локомотив тарту қызметтерінің жиынтық тізілімін қалыптастырады;
Жетекшілік ететін сұрақтар шеңбері бойынша НЖС, ОЕСО, ТЧЭ тиісті құрылымдық бөлімшелерімен қызметтік хат-хабарлар жүргізеді;
Өз құзыреті шегінде ИМЖ-ны (Интеграцияланған менеджмент жүйесін) жұмыс күйінде ұстайды және жетілдіреді.
Біліктілік талаптары:
Келесі салалардағы мамандық: Көлік, көлік техникасы мен технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электрлік жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар